Вы зашли с мобильного устройства. Перейти на мобильную версию сайта?
info@ortcom.kz
+7 (7172) 55-93-38
Тел./факс: +7 (7172) 55-93-36 Кеңсе
kense@ortcom.kz
Валюта бағамы:
RUB 5,24 EUR 361,78 USD 340,24
Мұнай:
Brent $47,24 WTI $46,06
Золото:
$1189,7
Ауа райы:
Астана .. Алматы .. Ақтау .. Ақтөбе .. Атырау .. Жезқазған .. Караганды .. Көкшетау .. Қостанай .. Қызылорда .. Павлодар .. Петропавл .. Семей .. Талдықорган .. Тараз .. Өскемен .. Орал .. Шымкент ..
 

Л. Сүлеймен: 2016 жылы қандас отбасына 609 тәрбиеленуші қайтарылған

2 желтоқсан 2016
Фото: Арман Мухатов

Орталық коммуникациялар қызметінде Қазақстан Республикасының 25 жылдығымен орайластырылған «25 жұлдызды күн» республикалық акция аясында отбасы құндылықтары мәселелеріне арналған баспасөз конференциясы өтті.

2015-2020 жылдары Қазақстанда отбасылық қарым-қатынас, моральдық-әдеп және рухани-имандылық құндылықтарды нығайту жөніндегі жалпыұлттық жоспар жүзеге асырылуда.

«Балалардың, соның ішінде әлеуметтік әлсіздердің жағдайын жақсартуға бағытталған, сондай-ақ отбасы, неке, саналы ата-ана және салауатты өмір салты негіздерін қалыптастыру, отбасылық құндылықтарды нығайту мәселелері бойынша тұрғындардың құзыреттілігін көтеру шаралары жоспарланған», - деді ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасының орынбасары, ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ләззат Сүлеймен.

Оның сөздеріне қарағанда, мемлекет отбасы институтын нығайту, отбасылық құндылықтарын өсіру мен өскелең ұрпақты рухани-имандылық тәрбиелеу мәселелеріне ерекше көңіл бөледі.

Өңірлерде отбасыларына балаларды орналастыру бойынша «Ақсақалдар кеңесі», «Аналар кеңесі» әсерлі көмек көрсетуде. 2016 жылдың 9 айында қандас отбасына 609 тәрбиеленуші қайтарылған (2015 ж. - 1084), қамқорлыққа, патронатқа, асырап алуға берілген балалар - 694 (2015 ж. - 1519).

«25 жұлдызды күн» республикалық акция аясында елімізде 25 іс-шара өткізілді. Дарынды жетім балалар, мүмкіндігі шектеулі балалар білім гранттарын алуда қолдауға ие болды, жаңа бастаушы және әрекет етуші кәсіпкер әйелдер үшін тегін семинарлар ұйымдастырылды, әкелердің республикалық форумы өткізілді, кәсіпкер әйелдер жетім балаларға – балалар үйлерінің тәрбиеленушілеріне депозиттер ашты, психикалық-неврологиялық интернатқа демалыс бөлмесін жабдықтауға қайырымдылық көмек көрсетілді», - деді ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасының орынбасары Елена Тарасенко.

Өз кезегінде, Ұлттық комиссиямүшесі, Мәжіліс депутаты Бақытбек Смағұл балалар тәрбиесінде әкелер рөлін күшейтуге, отбасы институтын нығайту және отбасы тәрбиесіне тиесілі мәселелерге қоғам назарын күшейтуге баса назар аударылғанын атап өтті.

«Әр отбасы еліміздің нығаюына баға жетпес үлес қосуда және Біртұтас Ұлт болашағы – Мәңгілік Елдің қалыптасуында басты жасампаздық күші болып табылады», - деп қорытындылады Бақытбек Смағұл.




Материалды толықтай немесе бір бөлігін пайдаланған жағдайда бірінші абзацта ortcom.kz порталына гиперсілтемені міндетті түрде кою қажет.
 
 
 
 
2015 © ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ