Вы зашли с мобильного устройства. Перейти на мобильную версию сайта?
info@ortcom.kz
+7 (7172) 55-93-38
Тел./факс: +7 (7172) 55-93-36 Кеңсе
kense@ortcom.kz
Валюта бағамы:
RUB 5,24 EUR 361,78 USD 340,24
Мұнай:
Brent $47,24 WTI $46,06
Золото:
$1189,7
Ауа райы:
Астана .. Алматы .. Ақтау .. Ақтөбе .. Атырау .. Жезқазған .. Караганды .. Көкшетау .. Қостанай .. Қызылорда .. Павлодар .. Петропавл .. Семей .. Талдықорган .. Тараз .. Өскемен .. Орал .. Шымкент ..
 

М. Құмарғалиев: «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттiк корпорациясын оңтайландыру оң нәтижелер берді

31 тамыз 2016
 Фото  www.24.kz сайтынан алынды

Үстіміздегі жылғы сәуір айында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы өз жұмысын бастады. «100 нақты қадам» Ұлттық жоспарына сәйкес, бұл ұйым Канада мен Австралиядағы қызмет көрсету орталықтарының үлгісі бойынша жұмыс істейтін мемлекеттік қызметтің бірыңғай провайдері болуы тиіс.

«Бүгін Қазақстанда мемлекеттік корпорацияның 362 фронт-кеңсесі жұмыс істейді, олар 530 мемлекеттік қызмет көрсетеді.Әр кеңседе бірыңғай ақпараттық жүйе орнатылып, кедергісіз қызмет көрсету, электрондық кезек жолға қойылған, сондай-ақ нақты уақыт ішінде қызмет көрсету процесін бақылайтын ахуалдық орталық құрылған. Көптеген бөлімшелер «дүйсенбі-сенбі» жұмыс кестесіне көшірілді, - деп хабарлады ОКҚ болған баспасөз конференциясы барысында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КАҚ басқарма төрағасының орынбасары Медет Құмарғалиев.

Белгілі болғандай, қазіргі кезде қайта жаңғырту процесі аяқталып, нәтижесінде үш құрылымдық бөлімше: Мемлекеттік қызмет көрсету дирекциясы, Әлеуметтік төлемдердің ведомствоаралық есеп айырысу орталығы және Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық зерттеу дирекциясы құрылған.

«Басқарушы құрамның саны 53% оңтайланды. Бұл бюрократтық ауыртпалықтан құтылып, корпорацияның қарапайым қызметкерлері үшін еңбек жағдайын жақсартуға, жалпы еңбек ақы қорын ұлғайтпай-ақ олардың жалақысын 20% дейін арттыруға мүмкіндік берді. Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды жұмыспен қамтамасыз етуге баса назар аударылады, қазір құрылымдық бөлімшелердегі олардың саны 365 адамға жетті», - деді спикер.

Құрылымдық бөлімшелерді біріктіру ұйымдастырушылық құрылымды біріздендіріп және оңтайландырып қана қоймай, сонымен қатар процедураларды жеңілдетіп және мемлекеттік қызметтің сапасын жақсартуға бағытталған бірқатар ірі жобаларды іске қосуға жағдай жасады.

Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық зерттеу дирекциясының алғашқы жаңа жобаларының бірі – «Жер және жылжымайтын мүлік» бірыңғай кадастрын құру болды. Жүйе Астана қаласының, одан кейін басқа да өңірлердің қала құрылысы кадастрларымен кіріктірілетін болады.

Сондай-ақ, Медет Құмарғалиевтің сөзіне қарағанда, жуық арада Шымкентте Қазақстандағы 12-ші халыққа қызмет көрсететін мамандандырылыған орталық ашылады. Басқа да облыс орталықтарында мемлекеттік-жекеменшіктік әріптестік үлгісіндегі осындай орталықтар ашу мүмкіндігі қарастырылуда.



Материалды толықтай немесе бір бөлігін пайдаланған жағдайда бірінші абзацта ortcom.kz порталына гиперсілтемені міндетті түрде кою қажет.
 
 
 
 
2015 © ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ