Брифинг

Мемлекеттік функцияларды өзін-өзі реттеу ұйымдарына беру кәсіпкерлердің саланы реттеуге қатысуына жол ашады - ҰКП

27 мамыр 2016

Мемлекеттік функцияларды өзін-өзі реттеу ұйымдарына беру кәсіпкерлер мен кәсіпқойларға саланы реттеуге тікелей қатысу арқылы нарықта ойын ережелерін және талаптарды өз бетінше айқындауға мүмкіндік береді. Бұл туралы бүгін ОКҚ-інде өткен брифинг барысында «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының НҚА жобалары сараптамасын үйлестіру департаментінің және ҚР Үкіметі мен Парламентіндегі өкілдігінің сарапшысы Айжан Бижанова айтты.

Еске салайық, мемлекеттік функцияларды өзін-өзі реттеу ұйымдарына тапсыру арқылы азаматтардың шешім қабылдау процесіне қатысу мүмкіндігін кеңейтуді ескеретін «Ұлт жоспары – 100 нақты қадамның» 97-қадамын іске асыру мақсатында «Өзін-өзі реттеу туралы» Заң қабылданған.

«Кәсіпкерлік және кәсіби қызметті реттеудің жаңа институты енгізіліп жатыр. Заң кәсіпкерлер мен кәсіпқойларға саланы реттеуге тікелей қатысу арқылы нарықта ойын ережелерін және талаптарды өз бетінше айқындауға мүмкіндік береді. Бұл ретте, адал кәсіпкерлер ұйымның жозықсыз мүшелерін мүшеліктен алып тастауға мүдделі болады, бұл өз кезегінде бизнестің бәсекеге қабілеттілігінің жағдайына оң әсер етеді», - деді спикер.

Айта кетейік, Заңның 23-бабына сәйкес барлық реттеу органдары 2017 жылғы мамырға дейін кәсіпкерлік немесе кәсіби қызмет субъектілерінің міндетті мүшелігімен қолданыстағы коммерциялық емес ұйымдар базасында міндетті өзін-өзі реттеу ұйымдарын құруға бағытталған шаралардың қабылдануын қамтамасыз етуі тиіс.

Бүгінде өзін-өзі реттеудің жеке элементтері аудиторлар, бағалаушылар, нотариустар мен басқа бірлестіктердің қолданыстағы тәжірибесінде кездеседі. Сонымен қатар, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы алаңында мемлекеттік органдар өкілдерімен бірігіп аудиторлық және бағалау қызметінде өзін-өзі реттеу институтын енгізу мәселесі бойынша дөңгелек үстелдер жүргізілген.

+7 (7172) 559-338

Астана қ., Қонаев көшесі 4,
13 қабат