Брифинг

Мемлекеттік функцияларды өзін-өзі реттеу ұйымдарына беру отандық тауарлар сапасын арттырады – Ғ.Жолдыбаева

27 мамыр 2016

Мемлекеттік функцияларды өзін-өзі реттеу ұйымдарына беру арқылы отандық тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру, сондай-ақ нарық қатысушыларының тұтынушылар алдында жауапкершілігін күшейту көзделіп отыр. Бұл туралы бүгін ОКҚ-інде өткен брифинг барысында ҚР Ұлттық экономика министрлігі Кәсіпкерлікті дамыту департаментінің директоры Ғалия Жолдыбаева мәлім етті.

«Ұлт жоспары – 100 нақты қадамның» 97-ші қадамын іске асыру мақсатында қабылданған «Өзін-өзі реттеу туралы» Заң ауыртпалығы төмен және әлдеқайда тиімді бақылау нысанын енгізуге, мемлекеттік реттеудің келеңсіз аспектілерін жоюға, отандық тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер сапасын арттыруға, сондай-ақ нарық қатысушыларының тұтынушылар алдында жауапкершілігін күшейтуге мүмкіндік береді», - деп атап өтті департамент директоры.

Сондай-ақ ол өзін-өзі реттеу – жеке және заңды тұлғалардың өз қызметін өз бетінше реттеуге бағытталған шаралар кешені екенін атап өтті.

«Заңмен ерікті және міндетті мүшелікке негізделген өзін-өзі реттеудің екі түрі анықталатынын атап кеткен жөн. Ерікті өзін-өзі реттеу мемлекеттік реттеумен бірге әрекет етіп, өзін-өзі реттеу субъектілеріне және олардың қызметіне заңнамамен белгіленген талаптардан жоғары талап орнатады. Ал міндетті өзін-өзі реттеу салалық заңдармен енгізіледі және мемлекеттік функцияларды іске асырумен немесе мемлекеттік органдармен орындалатын белгілі бір функцияларды бөлу қажеттілігімен байланысты», - деді Ғ.Жолдыбаева.

Сонымен қоса, аталған функцияларды тапсыру нарықтың оған дайын болуына байланысты. Осы мақсатта міндетті өзін-өзі реттеуді енгізу қажеттілігін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік органдармен міндетті түрде реттеушілік әсерге талдау жүргізу ескеріледі.

+7 (7172) 559-338

Астана қ., Қонаев көшесі 4,
13 қабат