Вы зашли с мобильного устройства. Перейти на мобильную версию сайта?
info@ortcom.kz
+7 (7172) 55-93-38
Тел./факс: +7 (7172) 55-93-36 Кеңсе
kense@ortcom.kz
Валюта бағамы:
RUB 5,24 EUR 361,78 USD 340,24
Мұнай:
Brent $47,24 WTI $46,06
Золото:
$1189,7
Ауа райы:
Астана .. Алматы .. Ақтау .. Ақтөбе .. Атырау .. Жезқазған .. Караганды .. Көкшетау .. Қостанай .. Қызылорда .. Павлодар .. Петропавл .. Семей .. Талдықорган .. Тараз .. Өскемен .. Орал .. Шымкент ..
 

Мұрат Қабылбаев пен Марина Чейшвили ҚР ең лайықты азаматтары деп танылды

26 желтоқсан 2016
Фото: Арман Мухатов

Бұл конкурс біздің қоғамымызды біріктіріп, оны алға қарай апаратын әлеуметтік белсенді адамдарды анықтау үшін қажет, деді ОКҚ алаңында өткен ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы құрметіне арналған «Лайықты азамат» конкурсының жеңімпаздарын марапаттау барысында дене мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құқығын қорғаушы Алмаз Ержан. «Біріксек – күшіміз арта түседі», - деді финалға шыққан 10 номинанттың қатарына енген Алмаз Ержан.

«Мен 100 мыңнан астам адамға алғысымды білдіргім келеді. Біз тек 10 үздік озатты ғана алған жоқпыз, біз тек конкурсты ғана, тек жеңімпаздарды ғана алған жоқпыз. Біз қазақстандықтардың мінез-құлықтарының рөлдік үлгісін алдық. Біз өзін-өзі қалай ұстау керектігін, қиындықтарды қалай жеңуге болатынын, өмірдегі үлкен мақсаттарға қалай ұмтылу қажеттігін көрсеткен 10 адамды анықтадық», - деді «BI Group» компаниясы Директорлар кеңесінің төрағасы Айдын Рахымбаев, қоғамда үлкен қозғалыс тудырған жобаның қорытындысын шығара келіп.

«Мұрат Қабылбаев пен Марина Чейшвили конкурс жеңімпаздары атанды», – деп жариялады Айдын Рахымбаев конкурстың қорытындысын. Сөйтіп, символдық кілтті тапсыра тұрып: «Біз әрқайсысына екі бөлмелі пәтер сыйлауға шешім қабылдадық!», - деді. Жеңімпаздардың финалдық 10-дықтағы қарсыластарына 500 мың теңгенің сертификаттарын табыс етті. Ақша сертификаттарын номинанттар: мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құқығын қорғаушы Алмаз Ержан, «Бола ма әлде жоқ па» фильмінің авторы Азиз Зайыров, "28 ілмек клубы" жобасын жасаушы Карла Нұр, «Дені сау Азия» қорының және Қазақстандағы тұңғыш "Балалар хосписінің" негізін салушы Нағима Плохих алды.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орайластырылып 2016 жылдың 15 қарашасында басталған жобаға bi-azamat.kz сайтында 2000 кандидаттан өтінім келіп түсті. Іріктеу 5 күнге созылды. Сарапшылар бірнеше мәрте жиын өткізіп, сайтқа келіп түскен барлық тарихтарды зерттеді және түрлі пікір-таластардан кейін өте күрделі шешім қабылдады.

Іріктелген 10 номинанттың ішінен «Лайықты азаматты» таңдап алуға арналған жалпыхалықтық дауыс беру 6 желтоқсанда басталды. Өйткені олардың қай-қайсысы болмасын осы құрметті атаққа лайық жандар, олар нағыз үлгі алуға тұрарлық тұлғалар. Әр номинант туралы олардың еңбегі мен ерлігін паш ететін бейне сюжеттер түсіріліп, мақалалар жазылды. Осылайша, кез-келген қазақстандық жеңіске үміткердің өмір тарихымен танысып, өздерінің таңдауын жасауларына мүмкіндік берілді.

Дауыс беруге ұсынылғандар: мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құқығын қорғаушы Алмаз Ержан, «Бола ма әлде жоқ па» фильмінің авторы Азиз Зайыров, "28 ілмек клубы" жобасын жасаушы Карла Нұр, көпбалалы әке Мұрат Қабылбаев, «Дені сау Азия» қорының және Қазақстандағы тұңғыш "Балалар хосписінің" негізін салушы Нағима Плохих, талантты музыкант Азамат Темірбаев, «Онкология және трансплантология ұлттық ғылыми орталығы» АҚ-ы онкогематология бөлімшесінің әлеуметтік жұмыстар жөніндегі маманы Марина Чейшвили, халықаралық гроссмейстер Жансая Әбдумәлік, пилот Дмитрий Родин, режиссер Ермек Тұрсынов.


Материалды толықтай немесе бір бөлігін пайдаланған жағдайда бірінші абзацта ortcom.kz порталына гиперсілтемені міндетті түрде кою қажет.
 
 
 
 
2015 © ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ