Брифинг

Мүмкіндіктері шектеулі жандарға қамқорлық

11 қаңтар 2017

Орталық коммуникация қызметінде мүгедек адамдардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсартуға арналған баспасөз-мәслихаты өтті. Оған Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындар қауымдастығының президенті Любовь Худова мен «ДОС» Тәуелсіз өмір» орталығы мүгедектер қоғамы бірлестігінің атқарушы директоры Ардақ Оторбаев қатысты.

Жиында Любовь Худова кеше Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі мен жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары қауымдастығының Заңды тұлғалар бірлестігі мүгедек адамдардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсартуға арналған ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойғанын атап өтті.

«Қазақстан Республикасының Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындар қауымдастығы мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған және олардың функционалды мүмкіндіктері мен қажеттіліктеріне сай жасалған «Adaptive Clothing and Shoes» атты жобаны асыруға кірісті», — деді Любовь Худова.

Оның айтуынша, мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған демисезонды коллекция жұмсақ, эластикалы тоқыма матадан жасалған және бұйымдар өте жайлы, еркін қозғалуға қолайлы. Мүгедектің өзі немесе күтуші персоналға жеңіл киіндіру үшін бұйымдарда арнайы детальдар мен функционалдық түйшіктер қарастырылған. Бұйымдар ұлттық ою-өрнек, гүлдер, аң бейнеленген кестелермен безендірілген.

Киім үлгілері мүгедек арба пайдалануға мәжбүр жандар, церебральды сал ауруға шалдыққан балалар, Даун синдромына, ампутацияға шалдыққан, бойы аласа, соқыр және көру қабілеті төмен адамдар, бастарынан радикалды мастэктомия өткен әйелдер, сондай-ақ қарт және уақытша қозғала алмайтын адамдарға арналған.

+7 (7172) 559-338

Астана қ., Қонаев көшесі 4,
13 қабат