Брифинг

Өлім жазасына кесілгендер, педофилдер, террористер мен экстремистер амнистияға ілікпейді

20 желтоқсан 2016

Үстіміздегі жылғы 13 желтоқсанда Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қол қойған Қазақстан Республикасының «Жиырма бес жылдыққа байланысты амнистия туралы» заңына сай, сотталғандардың жекелеген бөліктері үшін жаза мерзімінің өтелмеген уақытын айыппұлға немесе қысқартуға ауыстыру мүмкіндігі пайда болады, деп хабарлады Орталық коммуникациялар қызметінде болған брифинг барысында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, жұмыс тобының жетекшісі Нұрлан ДУЛАТБЕКОВ.

«Сонымен қатар, заң рақымшылық актісіне ілікпейтін тұлғаларды да айқындайды. Бұлар жыныстық қол сұғушылыққа қарсы қылмыс жасағандар, террорлық және экстремистік қылмысты, адамды қинау қылмысын жасағандар, рецидивистер, қылмыстық топ құрамында қылмыс жасағандар және өмір бойы бас бостандығынан айырылуға үкім шығарылғандар», - деді Н. Дулатбеков.

Оның айтуынша, өлім жазасы рақымшылық жолымен бас бостандығын айыруға ауыстырылғандарға да амнистия қолданылмайды. Бұл топқа бұдан бұрын амнистияға болмаса рақымшылыққа ілігіп және қасақана қайта қылмыс жасағандар, қылмыстық топтар құрымында қылмыс жасағандар, сондай-ақ қылмыстық заңда белгіленген басқа да қылмыс түрін жасағандар кіреді.

+7 (7172) 559-338

Астана қ., Қонаев көшесі 4,
13 қабат