Вы зашли с мобильного устройства. Перейти на мобильную версию сайта?
info@ortcom.kz
+7 (7172) 55-93-38
Тел./факс: +7 (7172) 55-93-36 Кеңсе
kense@ortcom.kz
Валюта бағамы:
RUB 5,24 EUR 361,78 USD 340,24
Мұнай:
Brent $47,24 WTI $46,06
Золото:
$1189,7
Ауа райы:
Астана .. Алматы .. Ақтау .. Ақтөбе .. Атырау .. Жезқазған .. Караганды .. Көкшетау .. Қостанай .. Қызылорда .. Павлодар .. Петропавл .. Семей .. Талдықорган .. Тараз .. Өскемен .. Орал .. Шымкент ..
 

Өңірлер

14 қазан 2016
Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Астанада 15-16 қазанда «Қуатты өңір – қуатты Қазақстан» бағдарламасының шеңберінде Оңтүстік Қазақстан облысының күндері өтеді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде облыс әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібеков мәлімдеді.
07 қазан 2016
8-9 қазан аралығында Астанада ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Қуатты өңір – қуатты Қазақстан» атты Қарағанды облысының күндері өтеді. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте, аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы, облыс әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Жандос Әбішев мәлімдеді.
07 қазан 2016
Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Астанада «Қуатты өңір – қуатты Қазақстан» акциясы аясында Шығыс Қазақстан облысының күндері өтеді. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Жақсылық Омар мәлімдеді.
30 қыркүйек 2016
1-2 қазан аралығында Астанада ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Қуатты өңір – қуатты Қазақстан» атты Маңғыстау облысының күндері өтеді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Бану Нұрғазиева мәлімдеді.
23 қыркүйек 2016
Астанада аймақтар күндері жалғасуда. 23-25 қыркүйекте Астана тұрғындары мен қонақтары Жамбыл облысының жетістіктерімен таныса алады. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында облыс әкімінің орынбасары Ерқанат Манжуов мәлімдеді.
16 қыркүйек 2016
Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Астанада 17-18 қыркүйекте «Қуатты өңір – қуатты Қазақстан» атты Атырау облысының күндері өтеді. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде облыс әкімінің орынбасары Әлібек Нәутиев мәлімдеді.
16 қыркүйек 2016
17-18 қыркүйекте Астанада «Қуатты өңір – қуатты Қазақстан» жобасы аясында Атырау облысының күндері өтеді.
09 қыркүйек 2016
Астанада өңірлер күндері жалғасуда, 9-11 қыркүйекте елорданың тұрғындары мен қонақтары Алматы облысының жетістіктерімен таныса алады.
08 маусым 2016
Алматы облысының спортшыларының қанжығасында Рио-де-Жанейрода өтетін Олимпиадаға 10 жолдама бар. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Тұратбек Шарапиев мәлім етті. «Қазіргі таңда облыс спортшылары Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өтетін 2016 жылғы Олимпиада ойындарына қызу дайындалып, жолдама ұтысқа салынатын турнирлерге қатысуда. Бүгінгі күні қолда 10 жолдама бар. Ауыр атлетикадан, грек-рим күресінен және бокстан медаль иеленуге жорамал да жоқ емес», - деді Т.Шарапиев. Ал осы қалада өтетін Паралимпиада ойындарына пауэрлифтингтен жолдаманы облыс спортшылары Раушан Қойшыбаева мен Гүлбану Әбдіхалықова қанжығаларына байлап қойған.
03 маусым 2016
Жамбыл облысында әр түрлі бағыттағы жазғы тегін мектептерге 60 оқушы қатыспақ. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында облыстық білім басқармасының бөлім басшысы Шевченко Светлана Михайловна айтты.Оның айтуынша, жазғы демалыс кезінде іс-шараларға 1-10 сыныптардан 187029оқушыны қамту жоспарланып отыр. Оның 87% (162622 оқушы) – жазғы сауықтыру және демалыс шараларымен, 57,6 %-ы (107675 оқушы) – еңбекпен және демалыс шараларымен қамтылады. Балалардың жазғы сауықтырылуы мен демалысын, бос уақыттарын ұйымдастыру 2 бағытта жүргізіледі, бірінші бағыт бойынша 162622 оқушы лагерьлерде демалады.«Облыста 10 сауықтыру лагері бар (6 мемлекеттік, 4 мемлекеттік емес). 10 сауықтыру лагерінде - 7410 оқушы; тамақ ішуді ұйымдастыратын мектеп жанындағы 369 демалыс алаңында - 32534 бала; тамақ ішуді ұйымдастырмайтын 426 демалыс алаңында – 113267 бала; республикалық сауықтыру орталықтарында - 124 бала; ата-аналар мен демеушілер есебінен - 9287 бала», - деп атап өтті спикер.«Ал балалардың демалысы мен бос уақыттарын ұйымдастыру шараларына 107675 бала қамтылады. Туристік саяхаттар мен экскурсияға қамтылатындар – 8692; мектептер мен мектептен тыс тіл үйрену, спорттық, өнер бағыттары бойынша үйірмеге қамтылатындар – 60076; еңбек жасақтарында – 35207; аула клубтарында – 3700»,- деп ақпараттандырды С.Шевченко.Биылғы жазғы маусымда қазақ-түрік мектеп-интернаттары базасында ағылшын тілін үйрену курстарын ұйымдастыру жәнежоғары оқу орындарында ағылшын тілі мамандығы бойынша оқып жатқан 3,4 курс білімгерлерін волонтер ретінде мектептердегі ағылшын тілі үйірмелеріне тарту жүргізілуде. Сонымен қатар, маусым айының 13-24 күндері өңірлердегі Назарбаев зияткерлік мектептерінде оқитын жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, көп балалы, аз қамтылған отбасылар балалары мен білім үздіктеріне арналған түрлі бағыттағы жазғы тегін мектептерге облыстан 60 оқушы қатыспақ.
« Алдыңғы
1 2 ... 12
 
 
 
 
2015 © ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ