Вы зашли с мобильного устройства. Перейти на мобильную версию сайта?
info@ortcom.kz
+7 (7172) 55-93-38
Тел./факс: +7 (7172) 55-93-36 Кеңсе
kense@ortcom.kz
Валюта бағамы:
RUB 5,56 EUR 342,43 USD 321,95
Мұнай:
Brent $55,59 WTI $52,93
Золото:
$1228,4
Ауа райы:
Астана .. Алматы .. Ақтау .. Ақтөбе .. Атырау .. Жезқазған .. Караганды .. Көкшетау .. Қостанай .. Қызылорда .. Павлодар .. Петропавл .. Семей .. Талдықорган .. Тараз .. Өскемен .. Орал .. Шымкент ..
 

Орталық Азия елдері экономикасының жағдаяты жақсарады деп болжануда

9 қаңтар 2017
Фото: Арман Мухатов

Үстіміздегі жылдың 9 қаңтарында Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институтының (ҚСЗИ) директоры Ерлан Қарин Орталық коммуникациялар қызметінің алаңшасында Орталық Азияда 2017 жылы болатын, Орталық Азия елдерінің саяси және экономикалық дамуы, тұрақтылығы мен қауіпсіздігі үшін өзекті мәнге ие барынша маңызды он оқиғаға шолумен таныстырды.

Сарапшының пікірінше, биылғы жылы әлемдік тауар нарығынының қалпына келуі болжануда, ал бұл өңір елдері экономикасының жағдаятын жақсартуға алып келетіні сөзсіз.

«2017 жылы 2016 жылдың екінші жартысында басталған әлемдік тауар нарығынының қалпына келуін күтуге болады. Мұнай бағасының көтерілуі мен оның жыл бойы 50–65 доллар дәлізінде тұрақтауы мүмкіндігі, 2017 жылғы орташа жылдық бағаның 2016 жылғы осындай көрсеткіштен шамамен 20–25% артуын білдіреді. Бұл шикізат экономикасына, оның ішінде Қазақстанның экономикасына айтарылықтай өсімді, 2016 жылғы 0,8% орнына шамамен 2 – 2,5% артуды көрсетуге мүмкіндік береді», - деді Ерлан Қарин.

Спикердің сөзіне қарағанда, мұнай факторы есебінен болатын Ресей экономикасының қарқынды өсуінің ықпалы ЕАЭЫ шеңберіндегі қарым-қатынастарды белсенді етудің артуы мен Ресейдің өскелең нарығындағы еңбек мигранттарының белсенділігінің өсуі есебінен Орталық Азия елдеріне де тиетін болады.

«Сонда да болса, тауарлық нарықтың өсімі шектеулі әлеуетке тәуелді болып, жаңа құлдырау қаупінде қалады. 2017 жылғы әлемдік қаржылық тұрақтылықтың басты қауіп-қатер факторы - ФРЖ монетарлық саясаты мен оның мөлшерлемені белгіленген оң үрдістерді жойып жіберетіндей деңгейде арттыру түрінде қатаңдату болмақ. Мөлшерлемені арттыру несиелендіру шарттарын нашарлатуды, қарыздардың барлық түрлеріне қызмет көрсетудің құнын өсіруді, сондай-ақ ұйымдастырылған қаржылық нарықтардағы барлық активтердің котировкаларын, оның ішінде жаһандық дағдарыстың жаңа иіріміне дейін, қысым жасауды білдіреді. Сыртқы жағдайлардың барлық факторларын қаперге ала отырып, Орталық Азия елдері үшін айтарлықтай қарқынды, алайда дағдарысқа дейінгі кезеңмен салыстырғанда бәсеңдеу болып қала беретін өсімді болжауға болады», - деді сарапшы.


Материалды толықтай немесе бір бөлігін пайдаланған жағдайда бірінші абзацта ortcom.kz порталына гиперсілтемені міндетті түрде кою қажет.
 
 
 
 
2015 © ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ