Брифинг

Орталық Азия елдерінде 2017 жылы орын алатын маңызды 10 оқиға аталды

9 қаңтар 2017

«Белгілі әлемдік зерттеу орталықтары кең таралған дәстүр бойынша үстіміздегі жылға өзінің болжамдарын жариялайды. Сол дәстүрге сүйене отырып, ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты осыдан екі жыл бұрын осындай тәжірибені бастаған болатын.

Біз жыл басында Орталық Азиядағы ең маңызды, ықтимал деген 10 оқиғаға өзіміздің шолуымызды беріп тұрамыз. Осы жылы біз өз шолуымызда әдеттегідей саяси және геосаяси оқиғаларды ғана емес, орталық Азия мемлекеттері үшін маңызды басқа да бағыттарды ескердік», - деп Орталық коммуникациялар қызметінде өткен көпшілік дәріс барысында ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры Ерлан Қарин мәлім етті.

Орталық Азия елдерінің саяси және экономикалық дамуы, тұрақтылығы мен қауіпсіздігі үшін мән маңызы жоғары деп келесі оқиғалар аталды:

1. Әлемдік тауар нарықтарының бірте-бірте қалыпқа келуі: Орталық Азия елдерінің экономикаларына конъюнктураның жақсаруы;

2. Ресей, Қытай, АҚШ, Түркия және Иран сияқты мемлекеттердің ішкі саяси үдерістері;

3. Жаңа демографиялық көрсеткіш: Орталық Азия халқының 70 млн-ға жетуі;

4. Өзбекстан: Орталық Азия елдері үшін жаңа серпіліс;

5. Түркменстан мен Қырғызстандағы президенттік сайлаулар: жаңа электоралдық кезеңнің басталуы;

6. Таяу Шығыстағы шиеленістер контексінде аймақта террорлық қауіп-қатерлердің сақталуы;

7. Ауған факторы: тұрақсыздықтың сақталуы;

8. Интернетті Орталық Азия халқының жартысы қолданады;

9. Орталық Азия аймағында қытайлық инвестиция өсімінің жалғасуы;

10. Қазақстан әлем назарында: БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесіне мүшелігі, Универсиада – 2017, ЭКСПО-2017, ШЫҰ саммиті және Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес бастамасының 25 жылдығы.

+7 (7172) 559-338

Астана қ., Қонаев көшесі 4,
13 қабат