Брифинг

П.И.Чайковский атындағы байқау төрешілерінің құрамына әлемнің белгілі музыканттары кіреді

15 желтоқсан 2016

Халықаралық П.И.Чайковский атындағы жасөспірімдер байқауы төрешілерінің құрамына Ресей, Қазақстан, АҚШ, Жапония, Корея, Қытай, Франция, Швейцария елдерінен белгілі музыканттар мен ҚР Қазақ Ұлттық өнер университетінің профессорлары кіреді. Бұл туралы ОҚК-де откен баспасөз мәслихатында П.И.Чайковский атындағы халықаралық конкурс лауреаттары қауымдастығының бас директоры Андрей Щербак мәлім етті.

«Виолончельші байқауы бойынша Сергей Ралдугин өз келісімін берді. Пианистер байқауы бойынша бірнеше кандидатура қаралуда, олар: халық әртісі Овчинников, профессорлар - Воскресенский, Соколов. Скрипкашылар байқауы бойынша қосарлас төраға ретінде біз Айман Мұсаходжаева мен Виктор Третьяковты шақырдық», - деді А. Щербак.

+7 (7172) 559-338

Астана қ., Қонаев көшесі 4,
13 қабат