Вы зашли с мобильного устройства. Перейти на мобильную версию сайта?
info@ortcom.kz
+7 (7172) 55-93-38
Тел./факс: +7 (7172) 55-93-36 Кеңсе
kense@ortcom.kz
Валюта бағамы:
RUB 5,24 EUR 361,78 USD 340,24
Мұнай:
Brent $47,24 WTI $46,06
Золото:
$1189,7
Ауа райы:
Астана .. Алматы .. Ақтау .. Ақтөбе .. Атырау .. Жезқазған .. Караганды .. Көкшетау .. Қостанай .. Қызылорда .. Павлодар .. Петропавл .. Семей .. Талдықорган .. Тараз .. Өскемен .. Орал .. Шымкент ..
 

Үкімет

12 желтоқсан 2016
2016 жылдың 14 желтоқсанында Израиль премьер-министрі Биньямина Нетаньяху Астанаға жұмыс сапарымен келмек. Бұл туралы Қазақстан Республикасындағы Израиль Мемлекетінің Төтенше және өкілетті елшісі Михаэль Бродский ОКҚ алаңында мәлімдеді.
25 сәуір 2016
Үш тілде білім берудің тиімділігі ғылым арқылы дәлелденген, деп мәлімдеді Орталық коммуникациялар қызметінде «Білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» тақырыбында өткен өткен брифинг барысында Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев.Министрдің айтуынша, балалардың үш тілде сөйлеп, білім алуларына ешқандай кедергі жоқ.«Егер жалпылама жүргізілген зерттеулерге сүйенсек, екі және одан да көп тілде сөйлейтін балалардың даму деңгейі біршама жоғары. Мәселен, жеті жастағы екі тілде сөйлейтін баланың миындағы синопсия байланыстары бір тілде ғана сөйлейтін балаға қарағанда жоғары. Бұл ғылыммен дәлелденген. Осылайша, бала туғаннан бастап екітілді ортаға тап болса, оның миының мүмкіндігі де жоғары болады. Сондықтан да, үштілді білім беру жүйесіне көшудің еш қиындығы жоқ деп санаймыз», – деді Е. Сағадиев. – «Біз 2019 жылға дейін жоғары сыныптарды осы жүйеге көшіретін боламыз. Бір айта кететіні, мектепте жоғары сыныптарға техникалық мамандықтар пәнін ағылшын тілінде өткізе отырып, оқушының әлемдік оқудағы үдерістерге ықпалдасуына жағдай жасаймыз. Мұндай ықпалдасу оқушы үшін міндетті. Осылайша, ол жоғары оқу орындарында да ағылшын тілінде оқытылатын техникалық пәндерге бейімделе бастайды».
25 сәуір 2016
ДББҰ НЗМ Педагогикалық шеберлік орталығы және «Өрлеу «Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» тарапынан барлық облыстық орталықтар, Астана және Алматы қалаларында ұйымдастырылған біліктілікті арттырудың арнайы өңделген бағдарламалары бойынша мұғалімдерді оқыту жүргізіледі.К. Шәмшідинова атап өткендей, жазғы демалыс кезінде бастауыш мектептің 73 мыңнан астам пән мұғалімі мазмұны жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша курс өтеді. Мұғалімдердің оқу қорытындылары бойынша кейінгі сертификаттау мүмкіндігімен бағалау рәсімі ұйымдастырылады.«Білім беру мазмұнының жаңаруына байланысты ата-аналардың қобалжуын түсінеміз. Дегенмен, бұл шаруалардың барлығы маңызды. Білім мазмұнын жаңарту жалпы кешенді шараларды қамтиды. Айталық, мұғалімдердің біліктілігін жетілдіріліп, инфрақұрылым, оқу құралдары жаңартылады», – деп мәлімдеді басқарма төрайымы.Сонымен қатар, мұғалімдерден бөлек, мектеп директорларын, директор орынбасарларын, облыстық білім беру басқармаларының әдіскерлерін, қалалық/аудандық білім беру бөлімдерін оқыту жоспарланған.
25 сәуір 2016
Биылғы қыркүйек айынан еліміздің барлық мектептері білім берудің жаңа тәсіліне көше бастайды. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев мәлімдеді. «Білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» тақырыбында өткен брифингке министрден бөлек, Мектепке дейінгі және орта білім, ақпараттық технологиялар департаментінің директоры Жаңыл Жонтаева және «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқарма төрайымы Күләш Шәмшідинова қатысты. Білім және ғылым министрі брифинг барысында білім беру және ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасының негізгі даму бағыттары жөнінде хабарлады. Сондай-ақ ол алдағы уақытта еліміздегі барлық мектептердің білім берудің жаңа тәсіліне көшетінін атап өтті. «2016 жылдың қыркүйек айынан Қазақстанның барлық мектептері функционалдық сауаттылыққа негізделген білім берудің жаңа тәсіліне көше бастайды. Бұл жұмыстарды 4 жыл ішінде атқару көзделіп отыр. Мәселен, келесі жылы 2, 5, 7 сыныптар, содан кейінгі жылы басқа сыныптар біртіндеп көшіріледі. Осылайша, 4 жыл ішінде біз еліміздің мектептеріндегі білім берудің мазмұнын толық жаңартатын боламыз», – деді Е. Сағадиев. Министрдің айтуынша, барлық деңгейде бірыңғай базалық оқулық қамтамасыз етіледі, соның арқасында әр өңірде әртүрлі оқулықпен оқыту мүлдем жойылады.
20 сәуір 2016
Қазақстанда жергілікті полиция қызметінің арқасында ізі суымай ашылған қылмыстар саны үш есе артты. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында ҚР ІІД Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Игорь Лепеха мәлімдеді.«Жалпы, жұмыстың алғашқы қорытындыларына талдау жайсайтын болсақ, полицияның құқық қорғау әлеуеті азайған жоқ деп сеніммен айта аламыз. Керісінше, жергілікті полиция қызметінің бөлімшелерін өзіне тән емес қызметтерді орындаудан босату арқылы жұмыстың жекелеген көрсеткіштері айтарлықтай жақсара түскен. Олардың күшін заңмен белгіленген тікелей тапсырмаларды орындауға жұмылдыруға мүмкіндік туды. Мәселен, жол-патрульдік полиция жасақтары мен учаскелік инспекторлардың ізін суытпай ашқан қылмыстарының саны үш есеге жуық өскен. Анықталған әкімшілік құқық бұзушылықтар саны 30 мыңға артқан. Ағымдағы жылы қызметкерлер мұндай 913 мың құқық бұзушылықты анықтады – бұл өткен жылдан көп, әрі оның 620 мыңы жол қозғалысы саласында тіркелген», – деді И. Лепеха.
20 сәуір 2016
Ауыл шаруашылығына арналған жерлер шетелдік азаматтардың жеке меншігіне берілмейді. Егер ҚР азаматы мен заңды тұлғасы жерін шетелдіктерге сатқан болса, онда меншік құқығынан 3 ай ішінде айырылуы немесе жер учаскесі аталған мерзім ішінде жерді уақытша пайдалану (25 жылға дейін) құқығымен қайта рәсімделуі тиіс. Бұл туралы бүгін ОКҚ-інде «ҚР Жер кодексіне өзгерістер енгізу туралы» тақырыбында өткен брифинг барысында ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Қайырбек Өскенбаев айтты.
20 сәуір 2016
2016 жылғы 1 сәуірдегі жағдайға сәйкес жерлердің пайдаланылуын тексерулер мен мониторинг жүргізу нәтижелері бойынша мемлекеттік қорға 3,1 млн. га пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылық жерлері қайтарылды, оның ішінде 1,8 млн. га жер айналымға енгізілді. Бұл туралы бүгін ОКҚ-інде «ҚР Жер кодексіне өзгерістер енгізу туралы» тақырыбында өткен брифинг барысында ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Қайырбек Өскенбаев айтты.
28 желтоқсан 2015
Ұлттық дәрілік формуляр (ҰДФ) фармацевтика саласындағы бәсекелестік ортасын кеңейтіп, медициналық мекемелер сатып алуларының ашықтығын арттыруға мүмкіндік береді. ОКҚ-да өткен баспасөз конференциясы барысында Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті төрағасының орынбасары Лариса Пак осылай деп мәлімдеді.
28 желтоқсан 2015
Қазіргі таңда дәрі-дәрмектерді оңтайлы пайдалану үшін Қазақстанда Ұлттық дәрілік формуляр енгізіліп жатыр. Оған ҚР-да тіркелген барлық дәрілер туралы ақпарат кіретін болады. Бұл туралы ОКҚ-да өткен баспасөз конференциясы барысында Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті төрағасының орынбасары Лариса Пак хабарлады.
28 желтоқсан 2015
Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы аясында 9,5 млн. жуық қазақстандық қатысқан 30 мыңнан астам іс-шара өткізілді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз конференциясы барысында ҚХА Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Ералы Тоғжанов хабарлады.
« Алдыңғы
1 2 ... 23
 
 
 
 
2015 © ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ