Брифинг

Қар барысы жасөспірімдер байқауының логотипі болады

15 желтоқсан 2016

Қар барысы П.И.Чайковский атындағы жасөспірімдер байқауының логотипі болады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде ҚазҰӨУ ректоры Айман Мұсаходжаеваның қатысуымен өткен баспасөз маслихатында белгілі болды.

«ЭКСПО-2017 Бүкіләлемдік көрмесінің мәдени бағдарламасы аясында мерейтойлық X Халықаралық П.И.Чайковский атындағы жасөспірімдер байқауы Астана қаласында 2017 жылдың 15-17 маусым аралығында өтеді. Байқау 17 жасқа дейінгі музыканттар арасында фортепиано, скрипка және виолончель мамандықтары бойынша өткізіледі. Байқауды Мәдениет және спорт министрлігі, Қазақ ұлттық өнер университеті мен П.И.Чайковский атындағы халықаралық байқау лауреаттары қауымдастығы ұйымдастырады. Ол П.И.Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясы, Мәскеу үкіметінің және Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен өткізіледі. Байқаудың әртүрлі елдерде өткізілуі - Халықаралық П.И.Чайковский атындағы жасөспірімдер байқауының ерекше формуласы болып табылады», - деді ҚазҰӨУ ректоры.

«Қар Барысы Халықаралық П.И.Чайковский атындағы жасөспірімдер байқауының логотипі болады деп күтілуде. Қазіргі уақытта байқау логотипін жасауға ҚазҰӨУ студенттері кіріскен. Алайда біздің есігіміз, яғни біздің ЖОО сайты, байқау логотипін жасауға ат салысамын деушілерге әрқашан ашық», - деп атап өтті Айман Мұсаходжаева.

+7 (7172) 559-338

Астана қ., Қонаев көшесі 4,
13 қабат