Вы зашли с мобильного устройства. Перейти на мобильную версию сайта?
info@ortcom.kz
+7 (7172) 55-93-38
Тел./факс: +7 (7172) 55-93-36 Кеңсе
kense@ortcom.kz
Валюта бағамы:
RUB 5,56 EUR 342,43 USD 321,95
Мұнай:
Brent $55,59 WTI $52,93
Золото:
$1228,4
Ауа райы:
Астана .. Алматы .. Ақтау .. Ақтөбе .. Атырау .. Жезқазған .. Караганды .. Көкшетау .. Қостанай .. Қызылорда .. Павлодар .. Петропавл .. Семей .. Талдықорган .. Тараз .. Өскемен .. Орал .. Шымкент ..
 

«Қауіпсіздік Кеңесіндегі біздің міндеттер – мемлекет басшысының «ӘЛЕМ. ХХІ ҒАСЫР» манифесінде айшықталған сыртқы саяси бастамаларын ілгерілету

27 желтоқсан 2016
Фото: Арман Мухатов

2016 жылғы 28 маусымда БҰҰ штаб-пәтерінде БҰҰ мүше елдерінің 138 дауысымен Қазақстан сайланған болатын, - деді ҚР Сыртқы істер Министрі Ерлан Ыдырысоворталық коммуникациялар қызметіндегі «Қазақстанның 2016 жылғы сыртқы саяси қызметінің негізгі қорытындылары және 2017 жылға басымдықтары» тақырыбындағы брифинг барысында.

«Қауіпсіздік Кеңесіндегі біздің міндеттер – мемлекет басшысының «ӘЛЕМ. ХХІ ҒАСЫР» манифесінде айшықталған сыртқы саяси бастамаларын ілгерілету, БҰҰ назарын Орталық Азиядағы және Ауғанстандағы жағдайды реттеуге, сондай-ақ, қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшелерімен және негізгі аймақтық державалармен стратегиялық ынтымақтастық қатынастарын нығайтуға аударту», - деді Ерлан Ыдырысов.

Оның пікірінше, БҰҰ қауіпсіздік Кеңесіне мүшелік бұл – елдің ұлттық мүдделерін ілгерілету, БҰҰ қамқорлығымен бітімгершік шараларға қатысу арқылы ҚР қорғаныстық қабілеттілігін нығайту, бес институционалды реформалар бағдарламаларына сәйкес ҚР жаңғырту үдерістеріне қауіпсіздік Кеңесінің жұмыстарын экстраполяциялау. «СІМ экономикалық көп қырлы дипломатиясы ҚР мемлекеттік органдарына Бүкіләлемдік банк топтарымен, Халықаралық Валюта Қорымен, ЕҚҚД, АДБ және Азия Инфрақұрылымдық Инвестициялар банкімен ынтымақтастықта қазетті көмек көрсетеді. Аталған институттардың қарыз және қаржылық қолдауы экономикалық дағдарыс салдарын жеңілдетуде қажетті дәнекер құрды», - деді Ерлан Ыдырысов.


Материалды толықтай немесе бір бөлігін пайдаланған жағдайда бірінші абзацта ortcom.kz порталына гиперсілтемені міндетті түрде кою қажет.
 
 
 
 
2015 © ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ