Брифинг

«Қазақстан - 2050» жалпыұлттық қозғалысы өзінің жаңа жобаларын таныстырды

17 сәуір 2017

Биыл «Қазақстан - 2050» Жалпыұлттық қозғалысы аясында бірқатар жаңа жобалар жүзеге асырылады. Олар: «Жасыл сабақ», «Инновациялық жобалардың ұлттық олимпиадасы», «Зияткер ұрпақ», «Қоғамдық шеберханалар», «Краудсорсинг», «Solicitous Oil Worker», «Ұжымдық еріктілік» және «Корпоративтік оқыту бағдарламасы» жобалары. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз маслихатында «Қазақстан-2050» Қозғалысының Кеңес Төрағасы Мұхтар Манкеев мәлім етті.

Аталған жобалар ойлау қабілетінің трансформациялануына, адамдардың мінез-құлық моделінің өзгеруіне және азаматтық қоғам институттарының дамуына ықпалын тигізетін шара кешендерінен тұрады.

Сприкердің айтуынша, биылғы жұмыстың негізгі бөлігі білім беру жобаларына арналады. Бұл азаматтарда әлеуметтік-жауапкершілікке деген ерекше көзқарасты қалыптастыруға септігін тигізеді.

«Казақстан - 2050» Жалпыұлттық қозғалысы – бүгінгі таңда он мыңнан аса қазақстандықтарды біріктіре алған прогрессивті азаматтық бастамалардың хабы. Қазірдің өзінде ұйымның белсенділер саны 12 000-нан асады. Қозғалыс еліміздің дамуына жүйелі үлес қоса алатын жаңа буын өкілдерінен және жоғары дәрежелі мамандардан тұрады. «Казақстан - 2050» Жалпыұлттық қозғалысы аясында өткен 4 жыл ішінде 40-тан аса әлеуметтік жобалар жүзеге асырылды. Олар 1 миллион азаматты қамтып, яғни әрбір 17-ші қазақстандықтың өміріне ықпалын тигізді.

Естеріңізге сала кетейік, Жалпыұлттық қозғалыс құру идеясы Мемлекет басшысының ұсынысы еді.

2013 жылы 29 қарашада «Болашақ» Стипендиясының 20-жылдығына арналған Форум өткен болатын. Онда Елбасы Н.Ә. Назарбаев: «Қазақстан-2050» Стратегиясы – бұл біздің 21 ғасырдағы ұлттық идеямыз. Ол біздің халық ұмтылатын ұлы істерге бастайды. Мен сіздермен бұрыннан беру ойда жүрген идеяммен бөліскім келеді. «Болашақ» бағдарламасы негізінде «Қазақстан-2050» Жалпыұлттық қозғалысын құруды ұсынамын», - деген еді.

Бұдан кейін 6 желтоқсанда Астанадағы Назарбаев Университетінде бастамашыл азаматтар тобы «Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысының құрылғанын мәлімдеді.


+7 (7172) 559-338

Астана қ., Қонаев көшесі 4,
13 қабат