Брифинг

Қазақстан азаматтары соттылық туралы анықтаманы жаңа үлгіде алуды бастайды

19 сәуір 2017

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде «Соттылық туралы анықтама берудің жаңа үлгісі туралы» тақырыбында өткен баспасөз конференциясында Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің төрағасы Бағдат Мусин мәлімдеді.

«Бүгіннен бастап азаматтар жаңа үлгідегі анықтаманы ала алады. Жаңа тізілім бойынша осы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы «Тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің болуы немесе болмауы туралы анықтама беру»-дің орнына «Соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама беру» болып өзгереді» - деді ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің төрағасы Бағдат Мусин.

Спикердің айтуы бойынша, жаңа Стандарт қабылданғаннан кейін соттылығы өтелген немесе алынып тасталған, оларға қатысты қылмыстық қудалау тоқтатылған азаматтар «Соттылығы жоқ» жазбасымен таза анықтама алатын болады.

Сондай-ақ, қағаз жүзінде соттылықтың болуы немесе болмауы туралы апостиль қойылған анықтаманы қажет ететін шетелге шығатын тұлғаларға – анықтама 22 күннен 8 жұмыс күніне дейін қысқартылған мерзімімен бірыңғай қызметте берілетін болады.

+7 (7172) 559-338

Астана қ., Қонаев көшесі 4,
13 қабат