Брифинг

Қазақстан азаматтарын консулдық қорғау күшейтілді

27 желтоқсан 2016

2016 жылықазақстандық азаматтарды консулдық қорғаныспен қамту аясын кеңейту бойынша қызметі жеделдетілді. Қазақстан Республикасының сыртқы істер Министрі Ерлан Ыдырысов орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында осылай деп хабарлады.

Қазақстан 180 елмен дипломатиялық қарым-қатынас орнатқан.

Әлемнің 67 елінде 92 консулдық мекеме қызмет істейді.

«Қазақстан Республикасының консулдық мекемелерінің бірінші дәрежелі міндеті шетелдегі біздің азаматтардың құқықтары мен көзқарастарын қорғауболыптабылады. Біз қылмыстық құрылымдар тарапынан құқыққа қарсы әрекеттер құрбаны болған, сондай-ақ, шет елде қысыл-таяң форс-мажор жағдайларда қалған тұлғаларға ерекше назар аудардық», - деді Ерлан Ыдырысов.

ҚР СІМ ақпараты бойынша, біздің елдің азаматтарының жағдайына қарай шетелдерден Қазақстанға арнайы ұшақтармен тасымалдау ұйымдастырылған; Қазақстан азаматтары Беларусия, Германия, Ұлыбритания, Ресей, Түркиядан, сондай-ақ, Қытайдағы жаппай тәртіпсіздікке қатысқаны үшін айып тағылған қазақстандық студенттер отанына қайтарылған; Қазақстанның бірқатар азаматтары Бахрейндегі адам саудасымен айналысатын қылмыстық синдикаттар бұғауынан құтқарылған. Шетелдік медициналық мекемелер алдында тұрған материалдық сұрақтарды реттеуде және азаматтарды Түркиядан қайтаруда көмек көрсетілді. 2016 жылы Үндістан мен Кореядан өлгендер мәйітін отанына жеткізуге байланысты Қазақстан азаматтарына қаржылық көмек жасалған.

Кабулдағы, Мюнхен мен Ниццедегі террористік актілерге байланысты Қазақстанның шетелдік мекемелерінің қызметкерлерімен отандастарымызға қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша көмек көосетілген.

«Қазақстан Республикасының азаматтарын мүдделі мемлекеттік органдарымен есепке алу рәсімдерін оңтайландыру мақсатында халықаралық әуе жолдарында хабарландырулар енгізу, консулдық тіркеудің маңыздылығы туралы, шетелге шығушы азаматтарға сыртқы істер Министрлігінің «жедел желі» телефондары жөніндегі ақпарат бар sms-хабарламаларды роумингте тарату бойынша жұмыстар жүргізілді», - деп мәлімдеді Қазақстан Республикасының сыртқы істер Министрі.

+7 (7172) 559-338

Астана қ., Қонаев көшесі 4,
13 қабат