Вы зашли с мобильного устройства. Перейти на мобильную версию сайта?
info@ortcom.kz
+7 (7172) 55-93-38
Тел./факс: +7 (7172) 55-93-36 Кеңсе
kense@ortcom.kz
Валюта бағамы:
RUB 5,24 EUR 361,78 USD 340,24
Мұнай:
Brent $47,24 WTI $46,06
Золото:
$1189,7
Ауа райы:
Астана .. Алматы .. Ақтау .. Ақтөбе .. Атырау .. Жезқазған .. Караганды .. Көкшетау .. Қостанай .. Қызылорда .. Павлодар .. Петропавл .. Семей .. Талдықорган .. Тараз .. Өскемен .. Орал .. Шымкент ..
 

Қазақстан гепатологтарының ІІІ конгресі өтеді

13 желтоқсан 2016
Фото: Арман Мухатов

16 желтоқсан күні Астанада Қазақстан гепатологтарының ІІІ халықаралық конгресі өтеді.

Бұл туралы бүгін ОКҚ-де өткен баспасөз мәслиxатында ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің бас гепатологы, профессор Күлпаш Қалиасқарова мәлім етті.

«Елдің барлық өңірлерінен бауыр ауруларын емдейтін докторлар келеді. Бізге мұндай кездесулер әріптестермен тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді. Конгресс жұмысына отандық мамандармен қатар, АҚШ, Англия, Испания, Италия, Оңтүстік Корея, Түркия, Венгрия, Армения және Ресей профессорлары қатысады. Олар - әлемдік гепатология саласында танымал үздік мамандар», – дейді Қалиасқарова.

Конгреске гастроэнтерологтар, жұқпалы ауру мамандары, терапевтер, педиатрлар, xирург трансплантологтар, балалар xирургі, онкологтар, эндоскопия дәрігерлері, диагностикалық мамандар қатысады.

Сонымен қатар баспасөз-конференциясында С вирустық гепатитін жою жұмыстары бойынша бағдарлама құру қажеттілігі туралы айтылды. Қозғалған ақпаратқа сай, Қазақстанда вирусқа қарсы препараттар спектрі кеңеюде, жаңа амалдарды қажет ететін жаңа молекулалар пайда болды. Гепатологтар науқастарды бауыр трансплантологиясына дайындау жұмыстарына қатысады. Сондықтан хирургтармен бірге конгресс барысында осындай қиын науқастармен жұмыс істеудің заманауи ережелері талқыланады, - деп атап өтті Қалиасқарова.

«2016 жылы маусымда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 2030 жылы С гепатитінен толық арылу бағдарламасын қабылдады. Аталмыш ауқымды мақсатты орындау үшін ДДСҰ бірқатар ұсыныстар жасады: 2030 жылға қарай С гепатитін 90%-ға кеміту үшін, диагностикалық оқиғаларды 90%-ға жеткізу шарт», - деді спикер.

Атап өтейік, конгресс ұйымдастырушылары – ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрлігі мен «International Hepato Transplant Group» қоғамдық бірлестігі. www.ihtg.kz сайтында онлайн тіркелу 2016 жылдың 15 желтоқсанына дейін ашық.


Материалды толықтай немесе бір бөлігін пайдаланған жағдайда бірінші абзацта ortcom.kz порталына гиперсілтемені міндетті түрде кою қажет.
 
 
 
 
2015 © ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ