Вы зашли с мобильного устройства. Перейти на мобильную версию сайта?
info@ortcom.kz
+7 (7172) 55-93-38
Тел./факс: +7 (7172) 55-93-36 Кеңсе
kense@ortcom.kz
Валюта бағамы:
RUB 5,56 EUR 342,43 USD 321,95
Мұнай:
Brent $55,59 WTI $52,93
Золото:
$1228,4
Ауа райы:
Астана .. Алматы .. Ақтау .. Ақтөбе .. Атырау .. Жезқазған .. Караганды .. Көкшетау .. Қостанай .. Қызылорда .. Павлодар .. Петропавл .. Семей .. Талдықорган .. Тараз .. Өскемен .. Орал .. Шымкент ..
 

Қазақстан жаппай қырып-жою қаруын таратпауға шақырады

11 қаңтар 2017
Фото дереккөзі: 24.kz

«Біз Қауіпсіздік Кеңесінің жаппай қырып-жою қаруды таратпау режимін күшейту жөніндегі 1540-шы қарарының мүлтіксіз орындалуына көмектесетін боламыз», деді Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев.

«Қазақстан Иранның ядролық бағдарламасы төңірегіндегі мәселелерді реттеуге үлес қосты және де осыған ұқсас жағдайлар мен дағдарыстарда да қолдау көрсетуге дайын. Корей түбегіндегі ядролық қару мәселесі бойынша жедел әрі конструктивті шешім қабылдау еліміздің басты міндеттерінің бірі», – деді Ержан Ашықбаев.

Оның айтуынша, Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың 2017-2018 жылдары Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретіндегі «Қауіпсіз, әділ және өркениетті әлем құру үшін жаһандық әріптестікті нығайтуға қазақстандық тұжырымдамалық көзқарас» атты саяси жолдауында ядролық қарудан бас тарту – бейбітшілікке жетудің негізгі басымдық екенін атап өтті.

Ержан Ашықбаев еліміз ядролық қарусызданудың белсенді жақтаушысы екенін, 2015 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының сессиясында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2045 жылы БҰҰ-ның 100 жылдық мерейтойы қарсаңында ядролық қарудан азат әлемге жету туралы ұсыныс білдіргенін атап өтті.

Оның айтуынша, биыл Қазақстан ядролық қаруға қарсы жақтастарды біріктіретін БҰҰ жұмысшылар тобының шешімін қолдады. «Қазақстан Жапониямен қатар Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу ұйымының тең төрағасы. МАГАТЭ-ның шешімімен еліміз аумағында Төмен байытылған ядролық отын банкі құрылды», - деді Е.Ашықбаев.


Материалды толықтай немесе бір бөлігін пайдаланған жағдайда бірінші абзацта ortcom.kz порталына гиперсілтемені міндетті түрде кою қажет.
 
 
 
 
2015 © ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ