Вы зашли с мобильного устройства. Перейти на мобильную версию сайта?
info@ortcom.kz
+7 (7172) 55-93-38
Тел./факс: +7 (7172) 55-93-36 Кеңсе
kense@ortcom.kz
Валюта бағамы:
RUB 5,24 EUR 361,78 USD 340,24
Мұнай:
Brent $47,24 WTI $46,06
Золото:
$1189,7
Ауа райы:
Астана .. Алматы .. Ақтау .. Ақтөбе .. Атырау .. Жезқазған .. Караганды .. Көкшетау .. Қостанай .. Қызылорда .. Павлодар .. Петропавл .. Семей .. Талдықорган .. Тараз .. Өскемен .. Орал .. Шымкент ..
 

Қазақстан қолонершілерінің фестивалі өтеді

12 желтоқсан 2016
Фото: Арман Мухатов

Орталық коммуникациялар қызметінде қолөнер және Қазақстан экономикасын әртараптандырудың әлеуетін арттыруға арналған баспасөз мәслихаты өтті.

17-18 желтоқсанда Астанадағы «Керуен» сауда орталығында «Шебер-Керуен» фестивалі өтеді. Фестиваль шеңберінде Қазақстанның 70 үздік қолөнер шеберлерінің, сонымен қатар мүгедектердің де жеке туындыларының көрмесі өтеді. Соның аясында еліміздің үздік қолөнер шеберлері жасаған бұйымдардың жәрмеңкесі ұйымдастырылады. Бұдан бөлек, «Шебер - 2016» атты республикалық байқаудың жеңімпаздары марапатталып, сән дизайнерлерінің киім көрсетілімі, тегін шеберлік сағаттар және тағы басқа мәдени шаралар өтеді.

«Қолөнер саласын насихаттау және шеберлердің мүмкіндіктерін арттыру, Қазақстан экономикасын әртараптандыруға айтарлықтай үлес қосуы мүмкін. БҰҰ Даму бағдарламасы қолөнер кәсібін көптеген жылдар ішінде қолдап келеді. Дегенмен, нағыз жүйелі жұмыс шамамен үш жыл бұрын Бірлескен өңірлік даму бағдарламаларының аясында Шығыс Қазақстан, Қызылорда және Маңғыстау облыстарында басталды», - деді БҰҰ Даму бағдарламасы тұрақты өкі­лінің орынбасары Мунхтуя Алтангерел.

Спикердің айтуынша, 200 астам қолөнер шеберлері қамтылып, оларға Қазақстанда және шетелде гранттар мен арнайы тренингтерді ұсынылды.

«Біз қолдаған кем дегенде 30 қолөнер шеберлері Экспо-2017 аясындағы шараларға қатыспақ. Барлық қоғам мүшелерін қолөнер шеберлерін қолдауға шақырамыз, өйткені Қазақстанда осы әдемілік және мәдени маңыздылығы бойынша ғажайып саланың әлеуеті әлі мүлде жүзеге асырылмаған. Мәселен, Индияда кәсіпшілік саласы жұмыс орындарының 20 пайызға жуық көлемін қамтиды. Оның айтарлықтай бөлігі – ауылдық жерлерде, ал Иранда қолөнер шеберлері ЖІӨ 3 пайыз қамтамасыз етеді, — деп мәлімдеді Мунхтуя Алтангерел.

Ал «Шеврон» компаниясының өкілі Айнұр Сыдықованың айтуынша, 2006 жылдан бастап еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған 1000-нан астам шебер бизнес-жоспарлау, маркетинг, ұйымдастыру және кәсіби даму бойынша тренингтерден өтті. 2009 жылдан бастап біз «Шебер» шеберлік байқауын өткіземіз, – деді ол.


Материалды толықтай немесе бір бөлігін пайдаланған жағдайда бірінші абзацта ortcom.kz порталына гиперсілтемені міндетті түрде кою қажет.
 
 
 
 
2015 © ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ