Брифинг

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі әуежайдағы әуе рейстерінің кешігуі оқиғасына байланысты түсініктеме берді

13 наурыз 2017

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Ақпараттық қамтамасыз ету басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы Меруерт Ибраева Орталық коммуникациялар қызметінің апталық брифингі барысында Алматы қаласының әуежайында үш рейстің кешігуі оқиғасына байланысты түсініктеме берді.

«Ағымдағы жылдың 5-7-8 наурыз күндері орын алған үш штаттан тыс жағдайға байланысты түсініктеме бере кетсем. «Air Astana» әуекомпаниясының ұшағымен штаттан тыс оқиғаға орын алды. Министрлік бұл оқиғаның мән-жайын толық біледі. Қазіргі уақытта Алматы қаласының әуежайындағы рейстердің кешігуі бойынша тиісті тергеу амалдары жүргізілуде. Сондай-ақ, 9 наурызда Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-министрінің жетекшілігімен жедел жиын өткізілді. Аталған жиынға «QAZAQ AIR», «Bek Air» және «Air Astana» әуе компаниясы шақырылды. Жиын барысында оқиғаның толық себеп-салдары тыңдалды. Ал, қалған ақпаратты тергеу аяқталған бойда хабарлайтын боламыз. Алдын ала біз «Airbus» ұшағының кешігуіне қозғалтқыш құрастыру ақауы себеп болуы мүмкін деп хабарлаған болатынбыз»,-деді Мерует Ибраева.

Ибраеваның айтуынша, бүгін таңертең Алматы қаласының әуежайында екі әуе рейісі кешікті. «Өскемен, Семей қалаларында ауа-райының қолайсыздығына байланысты әуе рейісі 1 сағат 37 минутқа кешіктірілді. Қазіргі таңда Алматы қаласында кешіктірілген рейстер жоқ. Барлығы штаттық тәртіпте жұмыс жасауда»,-деді ведомство өкілі.

+7 (7172) 559-338

Астана қ., Қонаев көшесі 4,
13 қабат