Брифинг

Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы

10 наурыз 2017

ҚР Парламент Сенаты әлеуметтік-мәдениет даму комитетінің хатшысы Владимир Редкокашин Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңының негізгі ережелерін түсіндірді.

«Мен Конституцияның 91 бабына енгізілетін маңызды түзетулер туралы атап өткім келеді. Бұл түзетулер біздің негізгі игіліміз- Қазақстанның тәуелсіздігін айқындайды. Осы аталған бап Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың маңызды рөлін көрсетеді»,-деді Владимир Редкокашин.

Сонымен қатар, Владимир Редкокашин бүгінгі таңда әлемде өз өкілеттілігін өз еркімен тапсыратын ұлт көшбасшысы тапшы екенін де атап өтті.

Спикердің айтуынша, Президент еліміздегі демократиялық бастаманы кеңейту мақсатында бұл қадамға саналы түрде барып отыр.

Владимир Редкокашин сөз соңында 2007 жылы Мәслихат өкілеттіліктерін кеңейтетін заңның қабылданғанын және қосымша жергілікті атқарушы органдарға өкілеттікті тапсырғанын еске түсіруді ұсынды.


+7 (7172) 559-338

Астана қ., Қонаев көшесі 4,
13 қабат