Брифинг

««Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысы білім беру жобаларына көңіл бөлуде»

17 сәуір 2017

Орталық коммуникациялар қызметінде «Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысының кеңес төрағасы Мұхтар Манкеевтің қатысуымен баспасөз маслихаты өтті. Оған кеңес мүшелері де қатысты. Олар ұйымның 2017 жылға арналған жоспарларымен бөлісті.

«Биыл қозғалыс аясында бірқатар жобалар жүзеге асырылуда, олардың ішінде «Жасыл сабақ», «Инновациялық жобалардың ұлттық олимпиадасы», «Зияткер ұрпақ», «Қоғамдық шеберханалар», «Краудсорсинг», «Solicitous Oil Worker», «Ұжымдық еріктілік» және «Корпоративтік оқыту бағдарламасы» бар. Қозғалыс жобалары ойлау қабілетінің трансформациялануына, адамдардың мінез-құлық моделінің өзгеруіне және азаматтық қоғам институттарының дамуына ықпалын тигізетін шара кешендерінен тұрады. Солардың ішіндегі «Зияткер ұрпақ» жобасын ерекше бөліп айта кету керек. Жоба аясында 3 жыл ішінде 20 000 – нан аса мектеп оқушылары қамтылып, 350 ашық сабақтар өткізілді. Оларды еліміздегі түрлі кәсіп саласының табысты өкілдері жүргізген. Биік белестерді бағындырған бұл азаматтардың өнегесі жас түлектерге үлгі болып, оқуында әрі болашақ мамандығы бойынша жетістіктерге жол бастаған», - дейді Мұхтар Манкеев, «Қазақстан-2050» қозғалысының Кеңес Төрағасы.

Бірлестік, сонымен қатар, азаматтарды «ашық Үкімет» электронды порталымен таныстыратын, азаматтардың мемлекеттік басқару процессіне қатысуға жағдай жасайтын, халық пен билік арасындағы тиімді диалогты реттейтін «Ашық арна» жобасын дайындады.

«Жасыл сабақ» жобасы аясында қазіргі уақытта өте маңызды мәселелердің бірі – табиғи ресурстарды тиімді пайдалану көтеріледі. Қозғалыстың Кеңес мүшесі Айдар Махамбеттің айтуынша жобаны бүкіл республика бойынша білім беру мектептерінде 100 000 –нан аса бастауыш мектеп оқушыларын қамтып жүзеге асыру жоспарланған. Әдістемелік құралдар ретінде анимация элементтерімен балаларға оңай түсіну үшін бейімделіп жасалған 5 тақырыптық бейнесабақтар шығарылады.

Бүгінгі таңда қозғалыс он мыңнан аса қазақстандықтарды біріктіре алған прогрессивті азаматтық бастамалардың хабы. Қазірдің өзінде ұйымның белсенділер саны 12 000-нан асады. Қозғалыс еліміздің дамуына жүйелі үлес қоса алатын жаңа буын өкілдерінен, жоғары дәрежелі мамандардан тұрады.

«Қазақстан - 2050» жалпыұлттық қозғалысы аясында өткен 4 жыл ішінде 40-тан аса әлеуметтік жобалар жүзеге асырылды, олар 1 миллион азаматтарды қамтып, яғни әрбір 17-ші қазақстандықтың өміріне ықпалын тигізді.


+7 (7172) 559-338

Астана қ., Қонаев көшесі 4,
13 қабат