Вы зашли с мобильного устройства. Перейти на мобильную версию сайта?
info@ortcom.kz
+7 (7172) 55-93-38
Тел./факс: +7 (7172) 55-93-36 Кеңсе
kense@ortcom.kz
Валюта бағамы:
RUB 5,56 EUR 342,43 USD 321,95
Мұнай:
Brent $55,59 WTI $52,93
Золото:
$1228,4
Ауа райы:
Астана .. Алматы .. Ақтау .. Ақтөбе .. Атырау .. Жезқазған .. Караганды .. Көкшетау .. Қостанай .. Қызылорда .. Павлодар .. Петропавл .. Семей .. Талдықорган .. Тараз .. Өскемен .. Орал .. Шымкент ..
 

Қазақстанда сайлау ашық және мөлдір өтіп жатыр - Норвегия бақылаушылары

20 наурыз 2016
Қазақстанда  сайлау ашық және мөлдір өтіп жатыр - Норвегия бақылаушылары

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және барлық деңгейдегі мәслихаттардың сайлауы жоғары деңгейде өтіп жатыр. Бұл туралы Норвегиядан келген халықаралық бақылаушылар – консервативті партияның өңірлік бөлімшесінің өкілі, белгілі кәсіпкер Людольф Бьеланд және Фрогн қаласының мэрі, консервативті партия өкілі Туре Вестби мәлім етті.

«Осында болғаныма өте қуаныштымын, сіздердің сайлауларыңыздың ашық және мөлдір өтіп жатқанын атап өткім келеді. Бұл жолы сайлауға 80-90 жылдарға қарағанда екі есе көп адам қатысты. Халықтың сайлауға дайындалып келгені көрініп тұр, әдемі киінген. Сіздерде қалыптасқан бұл үрдіске қуаныштымын», – дейді Т.Вестби.

«Бұл менің бақылаушы ретіндегі алғашқы тәжірибем, бірақ, мен басқа елдердің сайлауды қалай өткізетінін көргенмін. Менің ойымша, Қазақстанда сайлау жоғары деңгейде өтіп жатыр», – деп толықтырды Людольф Бьеланд.

Туре Вестбидің айтуынша, дауыс беру науқаны аяқталғанға дейін норвегиялық делегация он шақты сайлау учаскесін аралап шығады.

«Сондай-ақ сағат 20.00-ге он минут қалғанда да біз сайлау учаскесіне барып, дауыс беру аяқталған соң дауыстарды санау рәсімі қалай өтетінін көргіміз келеді», – деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін, 20 наурыз күні Қазақстанда Парламент Мәжілісінің және барлық деңгейдегі мәслихаттардың депутаттарын сайлау өтіп жатыр.


Материалды толықтай немесе бір бөлігін пайдаланған жағдайда бірінші абзацта ortcom.kz порталына гиперсілтемені міндетті түрде кою қажет.
 
 
 
 
2015 © ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ