Брифинг

Қазақстанда атом электр станциясы болу қажет!

16 ақпан 2017

Қазақстанда атом электр станциясы бойынша құрылыс алаңдары жүргізіліп жатқан жоқ. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министрі Бақытжан Жақсалиев Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында мәлімдеді.

«Дегенмен, бұл мәселелерді қарастыра келе, Қазақстанда атом электр станциясы болу қажет деген шешімге келдік»,-деді Бақытжан Жақсалиев.

Қазақстанда атом электр станциясы құрылысының басталу мерзімі белгісіз. Спикердің айтуынша, бүгінгі таңда елімізде электр қуатының шығыны көп. Қуаттың 30%-ы күш жүктемесінің шыңына жұмсалмаған.

Осыған орай, атом электр станциясының құрылысы туралы әзір нақты шешім болмай отыр. Бірақ еліміз табиғи уран өндіруден әлемде бірінші өндіруші болып табылады. Қазақстанда табиғи уран өндіруде және өзінің Бірыңғай ядролық отын орталығы құрылған. Елімізде экология мәселелерімен айналысатын болсақ, атом электр станциясының құрылысын бастау қуатты қамтамасыз етуде ұтымды жасалған қадам болар еді. Курчатовтағы Ұлттық ядролық орталық қазіргі таңда ядролық энергетика бойынша бірқатар ғылыми зерттеулер жүргізілуде.

«Әрине, болашақта елімізде атом электр станциясын құру мәселесін қарастыратын боламыз»,-деп атап өтті Энергетика вице- министрі.

+7 (7172) 559-338

Астана қ., Қонаев көшесі 4,
13 қабат