Вы зашли с мобильного устройства. Перейти на мобильную версию сайта?
info@ortcom.kz
+7 (7172) 55-93-38
Тел./факс: +7 (7172) 55-93-36 Кеңсе
kense@ortcom.kz
Валюта бағамы:
RUB 5,56 EUR 342,43 USD 321,95
Мұнай:
Brent $55,59 WTI $52,93
Золото:
$1228,4
Ауа райы:
Астана .. Алматы .. Ақтау .. Ақтөбе .. Атырау .. Жезқазған .. Караганды .. Көкшетау .. Қостанай .. Қызылорда .. Павлодар .. Петропавл .. Семей .. Талдықорган .. Тараз .. Өскемен .. Орал .. Шымкент ..
 

Қазақстанда жыл соңына дейін 6015 жылу есептегіш құралдары орнатылады

8 сәуір 2016
Фото: www.yuga.ru

Тұрғын үйлерге арналған жылу есептегіш құралдарын жаппай орнату бойынша бағдарламаны жүзеге асыру үшін мемлекеттік бюджеттен 6 млрд. теңге бөлінді. Бұл туралы ОКҚ-інде өткен брифинг барысында «ТКШ дамыту қоры» АҚ Басқарма төрағасы Қайсар Байдалы мәлім етті.

Елімізде 2015 жылдың қыркүйек айынан бері 1,4 млрд. теңге сомасына 2235 жылу есептегіш құралы орнатылды. Ағымдағы жылдың соңына дейін тұрғын үйлерге арналған тағы 6015 жылу есептегіш құралдарын орнату көзделуде, бұл көрсеткіш аталған құралдарға деген республика бойынша қажеттіліктің 43% құрайды.

Спикердің айтуынша, бүгінгі таңда «ТКШ дамыту қоры» АҚ және «Еуропа қайта құру және даму банкі» мандаттық хатқа қол қойды. Құжатта 12,2 млрд. теңге сомасына кредиттік келісім қарастырылған, оның ішінде 10,2 млрд. теңгесі - тұрғын үйлерге арналған жылу есептегіш құралдарын орнатуға, ал 2 млрд. – атвоматтандырылған жылу бекеттерін орнатуға және жылу мен суды коммерциялық есептеудің автоматтандырылған жүйесін енгізуге бағытталатын болады.

Еске салайық, тұрғын үйлерге арналған жылу есептегіш құралдарды жаппай орнату бойынша бағдарлама Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша қолға алынды.


Материалды толықтай немесе бір бөлігін пайдаланған жағдайда бірінші абзацта ortcom.kz порталына гиперсілтемені міндетті түрде кою қажет.
 
 
 
 
2015 © ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ