Брифинг

Қазақстанда жұмысқа орналасу үшін шетелдік маманға 3 ай уақыт беріледі

29 желтоқсан 2016

Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде «ҚР миграциялық саясатындағы жаңа тәсілдер» тақырыбында өткен брифингте ҚР ДСӘДМ Еңбек, әлеуметтік қорғау мен миграция комитетінің басшысы, ҚР Бас мемлекеттік еңбек инспекторы Ақмади Сарбасов хабарлады.

2017 жылдан бастап, елімізде шетелден жоғары білікті жұмыс күшін тартудың жеңілдетілген тәртібі енгізілмек. ҚР Заңына сай шетелдік жұмыс іздеушігеоның кәсіби біліктілігін растайтын анықтама беріледі. Анықтама алған үміткер экономиканың басым салаларындағы қажетті мамандықтар тізіміне сәйкес жұмысқа орналаса алады. Жұмыс іздеу уақыты – 3 ай. Жұмыс істеу мерзімі 3 жылдан көп емес.

+7 (7172) 559-338

Астана қ., Қонаев көшесі 4,
13 қабат