Вы зашли с мобильного устройства. Перейти на мобильную версию сайта?
info@ortcom.kz
+7 (7172) 55-93-38
Тел./факс: +7 (7172) 55-93-36 Кеңсе
kense@ortcom.kz
Валюта бағамы:
RUB 5,56 EUR 342,43 USD 321,95
Мұнай:
Brent $55,59 WTI $52,93
Золото:
$1228,4
Ауа райы:
Астана .. Алматы .. Ақтау .. Ақтөбе .. Атырау .. Жезқазған .. Караганды .. Көкшетау .. Қостанай .. Қызылорда .. Павлодар .. Петропавл .. Семей .. Талдықорган .. Тараз .. Өскемен .. Орал .. Шымкент ..
 

Қазақстанда Парламент сайлауы жоғары стандарттарға сай ұйымдастырылған – Болгария бақылаушысы

20 наурыз 2016
Қазақстанда Парламент сайлауы жоғары стандарттарға сай ұйымдастырылған – Болгария бақылаушысы

Қазақстандағы Парламент сайлауында дауыс беру науқаны жоғары стандарттарға сай өтуде, деп мәлімдеді Астанада өткен брифинг барысында Болгария өңірлік даму министрлігінің бұрынғы басшысы, Қазақстан-Болгария үкіметаралық комиссиясының тең төрағасы Десислава Терзиева.

«Жалпы, сайлау үрдісінің жақсы өтіп жатқанын атап өтуге болады. Дауыс беру науқаны жоғары деңгейде өтуде, барлық нормалар сақталған. Сондай-ақ дауыс беруші Қазақстан азаматтарының белсенділігіне тәнті болдым. Жастар да, қарт адамдар да дауыс беріп жатыр, бұл таң қаларлық жайт, себебі, бізде, Болгарияда сайлау кезінде азаматтардың белсенділігі мұндай жоғары емес. Комиссияның сайлау үрдісімен таныс екені байқалады, олардың тәжірибелері жеткілікті. Кеше біз комиссияның техникалық тұрғыда өте жақсы дайындалғанын көрдік, олар сайлау учаскелерін Қазақстанның құқықтық тәртібіне сәйкес дайындаған. Мамандығым бойынша заңгермін, сондықтан да құқықтық жағына басымдық беремін. Мен аралап шыққан сайлау учаскелерінде қандай да бір арыз, шағым естіген жоқпын», – деді Д.Терзиева.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін, 20 наурыз күні Қазақстанда Парламент Мәжілісінің және барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарын сайлау өтіп жатыр.


Материалды толықтай немесе бір бөлігін пайдаланған жағдайда бірінші абзацта ortcom.kz порталына гиперсілтемені міндетті түрде кою қажет.
 
 
 
 
2015 © ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ