Вы зашли с мобильного устройства. Перейти на мобильную версию сайта?
info@ortcom.kz
+7 (7172) 55-93-38
Тел./факс: +7 (7172) 55-93-36 Кеңсе
kense@ortcom.kz
Валюта бағамы:
RUB 5,56 EUR 342,43 USD 321,95
Мұнай:
Brent $55,59 WTI $52,93
Золото:
$1228,4
Ауа райы:
Астана .. Алматы .. Ақтау .. Ақтөбе .. Атырау .. Жезқазған .. Караганды .. Көкшетау .. Қостанай .. Қызылорда .. Павлодар .. Петропавл .. Семей .. Талдықорган .. Тараз .. Өскемен .. Орал .. Шымкент ..
 

Қазақстанда Парламент сайлауы өте жақсы ұйымдастырылды – АҚШ экс-конгрессмені

21 наурыз 2016
Қазақстанда Парламент сайлауы өте жақсы ұйымдастырылды – АҚШ экс-конгрессмені

Қазақстандағы Парламент сайлауы өте жақсы ұйымдастырылды, деп мәлімдеді халықаралық байқаушы, Вашингтон штатының экс-конгрессмені Дональд Бонкер Астанада өткен брифинг барысында.

«Қазақстандағы сайлауда бақылаушы болғаныма қуаныштымын, сіздердің елдеріңізде сайлаудың қалай өтетінін білу мен үшін аса қызықты болды. Қазақстандықтардың демократияны ұстанатынын байқадық, және де сайлаудың өте жақсы ұйымдастырылғанын атап өткім келеді. Адамдардың көтеріңкі көңіл күйі мен жігерлерін сезіне алдық, бұл өте керемет», – деді Д. Бонкер.

Экс-конгрессмен Қазақстанның сайлау жүйесіндегі жоғары әлеуетін атап өтті.

«Қазақстан демократияның өзегі саналатын сайлау үшін берік негіздер қалап келеді. Адамдар өздерінің конституциялық құқықтарын пайдаланады, бұл өте маңызды. Уақыт ете келе Қазақстандағы сайлау жүйесі ең бәсекеге қабілетті болатын секілді. Ең бастысы, Қазақстанның сайлаудағы ұстанымы мен қадамы дұрыс», - деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, кеше, 20 наурыз күні Қазақстанда Парламент Мәжілісінің және барлық деңгейдегі мәслихаттардың сайлауы болып өтті.


Материалды толықтай немесе бір бөлігін пайдаланған жағдайда бірінші абзацта ortcom.kz порталына гиперсілтемені міндетті түрде кою қажет.
 
 
 
 
2015 © ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ