Вы зашли с мобильного устройства. Перейти на мобильную версию сайта?
info@ortcom.kz
+7 (7172) 55-93-38
Тел./факс: +7 (7172) 55-93-36 Кеңсе
kense@ortcom.kz
Валюта бағамы:
RUB 5,24 EUR 361,78 USD 340,24
Мұнай:
Brent $47,24 WTI $46,06
Золото:
$1189,7
Ауа райы:
Астана .. Алматы .. Ақтау .. Ақтөбе .. Атырау .. Жезқазған .. Караганды .. Көкшетау .. Қостанай .. Қызылорда .. Павлодар .. Петропавл .. Семей .. Талдықорган .. Тараз .. Өскемен .. Орал .. Шымкент ..
 

Қазақстанда сайлаушылардың белсенділігі АҚШ пен Батыс Еуропа елдерімен салыстырғанда, жоғары

21 наурыз 2016
Қазақстанда сайлаушылардың белсенділігі АҚШ пен Батыс Еуропа елдерімен салыстырғанда, жоғары


Қазақстанда өткен Парламент сайлауына сайлаушылардың қатысуы біздің отандастарымыздың АҚШ пен Батыс Еуропа тұрғындарымен салыстырғанда, саяси тұрғыдан белсенділігінің жоғары екенін көрсетті. Бұл туралы АҚШ-тан келген халықаралық бақылаушы, Халықаралық салық және инвестициялық орталықтың президенті Даниель Алан Витт Астанадағы брифинг барысында мәлім етті.

«Өзімді Қазақстанда өткен сайлаулардың «ардагері» деп білемін, бұл менің алтыншы сайлауға келуім – мен сіздердің елде өткен парламенттік те, президенттік те сайлауларда болдым, республикаларыңыздың қарыштап дамып келе жатқанын атап өтсем болар. Бақылаушы ретінде осы елде болған мен және менің командам сайлауды басқалар тәрізді бағаламаймыз. Себебі, біз техникалық сарапшылар емеспіз, біз сіздермен 1991 жылдан бері жұмыс істеп келеміз және сіздердің елдеріңіздің демократиялық даму бағытында алға қарай жасап келе жатқан ауқымды қадамдарын байқап жүрміз», - деп атап өтті Д.Витт.

Ол сонымен қатар ОСК-ны өткізілген сайлаумен құттықтады.

«Бұл Қазақстанда демократияны нығайтудағы оң қадам, - деп атап өтті ол. – Біз таңғы сағат 9-да сайлау учаскелеріне сайлаушылардың үш ұрпағының келгенінен куә болдық – бұл елдегі тұрақтылық пен өркендеудің дәлелі. Адамдар өздерінің ертеңі үшін дауыс беруге келді».

Бақылаушы қазақстандық сайлаушылардың сайлауға «аса жоғары деңгейде» қатысуын атап өтіп, дауыс беру барысында ең керемет көрсеткіштердің де жоғарылап кеткенін қосты.

«АҚШ-та сайлаушылар пайызы 40% құрайды, Батыс Еуропа елдерінде ол – 50-60%. Бұл елде сайлаушылардың сайлауға 70-80% келгенін атап өтеміз, бұл тамаша нәтиже», - деп түйіндеді сөзін Д.Витт.


Материалды толықтай немесе бір бөлігін пайдаланған жағдайда бірінші абзацта ortcom.kz порталына гиперсілтемені міндетті түрде кою қажет.
 
 
 
 
2015 © ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ