Вы зашли с мобильного устройства. Перейти на мобильную версию сайта?
info@ortcom.kz
+7 (7172) 55-93-38
Тел./факс: +7 (7172) 55-93-36 Кеңсе
kense@ortcom.kz
Валюта бағамы:
RUB 5,56 EUR 342,43 USD 321,95
Мұнай:
Brent $55,59 WTI $52,93
Золото:
$1228,4
Ауа райы:
Астана .. Алматы .. Ақтау .. Ақтөбе .. Атырау .. Жезқазған .. Караганды .. Көкшетау .. Қостанай .. Қызылорда .. Павлодар .. Петропавл .. Семей .. Талдықорган .. Тараз .. Өскемен .. Орал .. Шымкент ..
 

Қазақстандағы аз байытылған уран банкі ең жоғары қауіпсіздік деңгейімен қамтамасыз етіледі – Т.Жантикин

29 сәуір 2016
Қазақстандағы аз байытылған уран банкі ең жоғары қауіпсіздік деңгейімен қамтамасыз етіледі – Т.Жантикин

Қазақстандағы аз байытылған уран банкі ең жоғары қауіпсіздік деңгейімен қамтамасыз етіледі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті төрағасының орынбасары Тимур Жантикин мәлім етті.

«Аз байытылған уран банкі – бұл ядролық қару технологияларының таралу қаупін төмендетуге бағытталған жобалардың бірі. Өкінішке орай, ядролық отын циклында қару құрастыру үшін пайдалануға болатын технологиялар бар. Сондықтан банк жобасы отынды атомдық энергетикалық құрылғыларға тасымалдау бойынша кепілдік беруге бағытталған», – деді Т. Жантикин.

Ол сондай-ақ Қазақстанның ядролық отынмен жұмыс жасаудағы мол тәжірибесін, ал банк орналасатын Үлбі металлургия зауытында барлық қажетті инфрақұрылым бар екенін атап өтті.

«Бастысы, біз қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша ең заманауи тәсілдер мен талаптарды алудамыз. Яғни, банк МАГАТЭ нормативтері бойынша құрылуда – бұл ядролық қауіпсіздік топтамасы, физикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша басқарушылық құжаттар және осы құрылғыны қауіпсіздіктің ең жоғары деңгейіне көтеретін бірқатар өзге де құжаттар. МАГАТЭ-нің барлық талаптары бірде-бір елде қолданылмайды, ал осы жобаны жүзеге асыру кезінде біз дәл осы талаптарды қолданамыз», – деді комитет төрағасының орынбасары.


Материалды толықтай немесе бір бөлігін пайдаланған жағдайда бірінші абзацта ortcom.kz порталына гиперсілтемені міндетті түрде кою қажет.
 
 
 
 
2015 © ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ