Вы зашли с мобильного устройства. Перейти на мобильную версию сайта?
info@ortcom.kz
+7 (7172) 55-93-38
Тел./факс: +7 (7172) 55-93-36 Кеңсе
kense@ortcom.kz
Валюта бағамы:
RUB 5,24 EUR 361,78 USD 340,24
Мұнай:
Brent $47,24 WTI $46,06
Золото:
$1189,7
Ауа райы:
Астана .. Алматы .. Ақтау .. Ақтөбе .. Атырау .. Жезқазған .. Караганды .. Көкшетау .. Қостанай .. Қызылорда .. Павлодар .. Петропавл .. Семей .. Талдықорган .. Тараз .. Өскемен .. Орал .. Шымкент ..
 

Қазақстандағы сайлау – халықаралық сайлау стандарттарына сай – ТүркПА миссиясы

21 наурыз 2016
Қазақстандағы сайлау – халықаралық сайлау стандарттарына сай –  ТүркПА миссиясы

Қазақстанда өткен Парламент Мәжілісінің және барлық деңгейдегі мәслихаттардың сайлауы ұлттық заңнама мен халықаралық сайлау стандарттарына толығымен сәйкес келеді, деп мәлімдеді сайлау нәтижесіне арналған брифинг барысында ТүркПА халықаралық бақылау миссиясының жетекшісі Халүк Ипек.

«Біз сайлау үрдісімен жақын танысып, сайлау барысы жөнінде көптеген ақпарат алдық. Қазақстан азаматтарына дауыс беру үшін барынша жағдай жасалған. ТүркПА миссиясы дауыс беру науқаны техникалық тұрғыда өте жоғары деңгейде өткізілді деп есептейді. Біз Астанадағы кейбір сайлау учаскелеріне кіріп шығып, сайлау үрдісінің қандай да бір бұзушылықсыз өтіп жатқанына көз жеткіздік. ТүркПА миссиясының атынан сайлаудың әділ және транспарентті өткенін мәлімдеймін», – деді Х.Ипек.


Материалды толықтай немесе бір бөлігін пайдаланған жағдайда бірінші абзацта ortcom.kz порталына гиперсілтемені міндетті түрде кою қажет.
 
 
 
 
2015 © ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ