Брифинг

Қазақстандық сайлаушылардың іскерлігі мен саяси кемелділігін атап өту маңызды – Владимир Васильев

20 наурыз 2016

Сайлау кезінде Қазақстанда қазақстандықтардың өзінің негізгі конституциялық борышын орындаулары үшін барлық жағдай жасалған. Бұл туралы ҰҚШҰ ПА бақылаушылары, Ресей Федерациясының өкілдері – Мемлекеттік дума төрағасының орынбасары Владимир Васильев пен Саяси зерттеулер институтының бас директоры Сергей Марков Астанадағы брифинг кезінде мәлім етті.

«Сайлау тамаша өтуде, сіздерде азаматтардың өздерінің негізгі конституциялық борыштарын өтеуі үшін барлық жағдай жасалған. Біз бір учаскеде ол ашылғанға дейін болдық, оның ашылуын күттік – оның жұмысы барысында мен де, басқа бақылаушылар да ешқандай заң бұзушылықтар байқамадық, мен онда бір сағаттай уақыт болдым. Сонымен қатар, екі сайлау науқанының қатарластырылып өткізілуі олардың жұмысына еш кедергі тигізбеді. Келген сәтімізде біз есік алдында көп сайлаушылардың жиналып қалғанын көрдік. Бақылаушылардың барлығы бұл кезекті байқап, оны атап өтті. Сонымен қатар жұмыстың үйлесімді ұйымдастырылып, адамдардың кезегінің жылдам жылжығанын көргенімді айтып өтейін. Біз үшін қазақстандық сайлаушылардың іскерлігі мен саяси кемелдігін көру маңызды болды», - хабарлады В.Васильев.

Ол сонымен қатар сайлау учаскелеріне келген қазақстандықтардың шырқалып жатқан республика әнұранына соншалықты құрметпен қарағанын – адамдардың оны қолдарын жүрек тұстарына қойып тыңдағанын атап өтті. ҰҚШҰ Парламенттік ассамблеясының бақылаушысы барлық қазақстандықтарды сайлаумен және Наурыз мейрамымен құттықтады.

«Барлығыңзды көктемгі Наурыз мейрамымен құттықтаймыз. Бұл мейрам кейінгі жылдары Ресейде де көбірек аталып өтуде, оның ішінде Орталық Азия мемлекеттерінің өкілдері ғана емес, ресейліктер де бұл тамаша мейрамды тойлайтын болды, - деді В.Васильев қазақстандықтарға арнаған сөзінде. – Біз алты сайлау учаскесінде болдық, біздің әріптестеріміз басқа көптеген учаскелерге барды – барлығында сайлау заңға, Қазақстан Конституциясына сәйкес қатаң өтуде, сайлау үрдісіне қатысты заң бұзушылықтар орын алған жоқ, сайлаушылардың жоғары белсенділігі байқалады, азаматтар аса белсенді. Сайлау үрдісіне қатысушылар саны неғұрлым көбірек болған сайын, мемлекеттік институттардың легитимділігі соғұрлым берік».

Сонымен қатар, ҰҚШҰ ПА өкілі Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан Ұлт жоспары -100 қадамның маңыздылығын атап өтті.

«100 нақты қадам» Ұлт жоспары бізде, Ресейде зор белсенділікпен талқылануда, біз сіздермен тығыз ынтымақтаса жұмыс жасап, өз еліміз үшін де үлгі боларлық нәрсе алғымыз келеді», - деп қосты ол.

+7 (7172) 559-338

Астана қ., Қонаев көшесі 4,
13 қабат