Вы зашли с мобильного устройства. Перейти на мобильную версию сайта?
info@ortcom.kz
+7 (7172) 55-93-38
Тел./факс: +7 (7172) 55-93-36 Кеңсе
kense@ortcom.kz
Валюта бағамы:
RUB 5,24 EUR 361,78 USD 340,24
Мұнай:
Brent $47,24 WTI $46,06
Золото:
$1189,7
Ауа райы:
Астана .. Алматы .. Ақтау .. Ақтөбе .. Атырау .. Жезқазған .. Караганды .. Көкшетау .. Қостанай .. Қызылорда .. Павлодар .. Петропавл .. Семей .. Талдықорган .. Тараз .. Өскемен .. Орал .. Шымкент ..
 

Қазақстанның жеті басым бағыты

11 қаңтар 2017
Фото: Арман Мухатов

"Нью-Йоркте БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде «Шиеленістердің алдын алу және бейбітшілікті сақтау» тақырыбында жиын өтті. Оған Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов қатысты», - деп бастады өз сөзін Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев.

Министр орынбасарының айтуынша, бұл пікірталастарда Қайрат Әбдірахманов Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың саяси жолдауын таныстырды.

Онда еліміздің 2017-2018 жылдары Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретіндегі «Қауіпсіз, әділ және өркениетті әлем құру үшін жаһандық әріптестікті нығайтуға қазақстандық тұжырымдамалық көзқарас» атты саяси жолдауы таныстырылды. Жиында сыртқы істер ведомствосының басшысы алдағы екі жылда Кеңес аясында Қазақстан жұмысына негіз болатын 7 басым бағыт атап көрсетті», - деді Ержан Ашықбаев.

Бірінші міндет - ядролық қарусыз әлемді жақындату.

Президент Жолдауының екінші басым бағыты – өңірлік және әлемдік деңгейде дау-мамай мен кикілжіңдерді азайту арқылы жаһандық соғыс қатерін болдырмау.

Үшінші - Орталық Азияда бейбітшілік пен қауіпсіздіктің, келісім мен дамудың өңірлік аймағын қалыптастыру.

Президент Жолдауының төртінші басым бағыты – халықаралық терроризм мен зорлық экстремизмге қарсы күрес.

Бесінші - Африканың бейбіт дамуына көмектесу.

Алтыншы – соғыстар мен жанжалдарды болдырмау, адам құқығын қорғау, мемлекеттердің қалыпты дамуын қалыптастыру, климаттың өзгеруімен бірігіп күресу жұмыстарын атқару.

Жетінші – Еуропа мен Америка, Азия мен Африка құрлықтарының аймақтық қауіпсіздік ұйымдарының арасындағы әріптестігін кеңейту жұмыстары.

Сонымен қатар, министр орынбасарының айтуынша, жаһандық және өңірлік қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайту бойынша күшті шоғырландыру мен ұжымдық саяси рухты қалыптастыру мақсатында Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын мемлекет және үкімет басшылары деңгейінде жылына немесе екі жылда бір өткізіп отыруды ұсынды.

«Біз осы ұсыныстарымызды БҰҰ мүшелерінің, Орталық Азия мен Қазақстанның мүдделері негізінде бердік», - деп қорытындылады сөзін спикер.


Материалды толықтай немесе бір бөлігін пайдаланған жағдайда бірінші абзацта ortcom.kz порталына гиперсілтемені міндетті түрде кою қажет.
 
 
 
 
2015 © ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ