Вы зашли с мобильного устройства. Перейти на мобильную версию сайта?
info@ortcom.kz
+7 (7172) 55-93-38
Тел./факс: +7 (7172) 55-93-36 Кеңсе
kense@ortcom.kz
Валюта бағамы:
RUB 5,56 EUR 342,43 USD 321,95
Мұнай:
Brent $55,59 WTI $52,93
Золото:
$1228,4
Ауа райы:
Астана .. Алматы .. Ақтау .. Ақтөбе .. Атырау .. Жезқазған .. Караганды .. Көкшетау .. Қостанай .. Қызылорда .. Павлодар .. Петропавл .. Семей .. Талдықорган .. Тараз .. Өскемен .. Орал .. Шымкент ..
 

Қ.Бишімбаев: Мұнай бағасы төмендеп тұрған кезде Ұлттық Қорды сақтап қалу маңызды

20 қыркүйек 2016
Источник фото: СЦК

ҚР Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев ҚР Парламенті Мәжілісіндегі үкімет отырысында ағымдағы экономикалық жағдай мен «Нұрлыжол» бағдарламасын жүзеге асыру барысы туралы мәлімдеді.

Министр халықты жұмыспен қамту басты міндеттердің бірі екендігін атап өтті.

«2017 жылдан бастап «Баршаға арналған ақысыз кәсібитехникалық білім» жобасы іске қосылады. Бұған қоса, шағын несиелендіруді дамыту арқылы бұқаралық кәсіпкерлікті ынталандыру көзделген. Қалаларда бұл үрдіске банк секторының инфрақұрылымын тарту, ауылдық жерлерде шағын несиелендіру жөніндегі бірыңғай оператор құру жоспарлануда», - деді Қуандық Бишімбаев.

Сондай-ақ, ол мұнайдың бағасы төмендеп тұрған жағдайда Ұлттық қорды сақтап қалу өте маңызды екенін айтты.

«Дамудың базалық болжамы бойынша Ұлттық қордан алынатын жыл сайынғы трансферттер көлемі әзірге оған түсетін түсімнен артатын болады. 2018 жылдан бастап қордан қаржы тарту қысқартылады деп жоспарлануда. Қазіргі кезде осы қаржыны басқарудың жыл соңына дейін дайындалып, Үкіметтің қарауына ұсынылатын жаңа тұжырымдамасы бойынша жұмыс жүргізілуде», - деді министр.

Жалпы алғанда, экономикалық саясатта жеке инвестициялар мен кәсіпкерлікті дамытуға негізделген ішкі мүмкіндіктерді пайдалануға екпін салынатын болады.

Өз кезегінде, Мәжіліс депутаттары елдің агроөнеркәсіптік кешенін одан әрі дамыту қажеттігін айырықша атап өтті. Министр жыл басынан бері ауыл шаруашылығына салынған инвестиция көлемінің, сондай-ақ аталған секторды қолдауға арналған мемлекеттік қаражаттың айтарлықтай ұлғайғанын хабарлады.


Материалды толықтай немесе бір бөлігін пайдаланған жағдайда бірінші абзацта ortcom.kz порталына гиперсілтемені міндетті түрде кою қажет.
 
 
 
 
2015 © ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ