Вы зашли с мобильного устройства. Перейти на мобильную версию сайта?
info@ortcom.kz
+7 (7172) 55-93-38
Тел./факс: +7 (7172) 55-93-36 Кеңсе
kense@ortcom.kz
Валюта бағамы:
RUB 5,56 EUR 342,43 USD 321,95
Мұнай:
Brent $55,59 WTI $52,93
Золото:
$1228,4
Ауа райы:
Астана .. Алматы .. Ақтау .. Ақтөбе .. Атырау .. Жезқазған .. Караганды .. Көкшетау .. Қостанай .. Қызылорда .. Павлодар .. Петропавл .. Семей .. Талдықорган .. Тараз .. Өскемен .. Орал .. Шымкент ..
 

Қырымбек Көшербаев меншікті Биг-Бенін тұрғызған қызылордалық ауыл туралы баяндады

17 ақпан 2017
Фото: Арман Мухатов

Орталық коммуникациялар қызметінде Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаевтың сарапшылар мен медиа қауымдастықтардың қатысуымен бейресми кездесуі өткізілді. Кездесу барысында Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық мәселелері талқыланды.

Аймақ басшысы өз баяндамасында аз уақыт ішінде шөлді аймақта алқап тұрғызған Қызылорда облысының бір ауылын мысал ретінде келтірді.

«Қызылорда облысының Сырдария ауданында «шөлді аймақта алқап» тұрғызылған Нағи Ілиясов атындағы ауыл бар. 90- жылдары жаппай жұмыссыздық орнап, әлеуметтік маңызы бар нысандар жабылды, тұрғындардың жағдайы өте нашар күйге жетті»,-деді аймақ басшысы.

Оның айтуынша, қазіргі таңда ауыл біршама айтарлықтай өзгерістерге ұшырады, бұл аймақты «ауыл» деуде де қиын.

«Бүгінгі таңда ауылда спорттық кешендері, орталығында субұрқақ іске қосылған, жаңартылған жолдар, таза көшелер, жарықтандырылған көшелер алыстан көз тартады. Бұл жерде жергілікті 10 метрлік биіктіктегі Биг-Бен орнатылған. Ауылда 3000 –ға жуық тұрғындар мекен етуде. Статус бойынша «Аудан орталығы» деуге де болады. Жаз айларында Нағи Ілиясов ауылы көркейе түседі. Мұндай әдемілікті Қызылордадан кездестіре алмайсыз»,-деді әкім.

Сондай-ақ, Қырымбек Көшербаев бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің нәтижесінде ауыл айтарлықтай дамуға қол жеткізгенін ерекше атады.

«Қазақстанның еңбек ері Абзал Ералиев осы ауылдың тумасы. Абзал Ералиев кәсіпорын ашып, халықты жұмыспен қамтамасыз етуде. Қазіргі таңда күріш пен ұрық өндіруде елімізде көшбасшы. Ауылдың көркеюіне 4,5 млрд. теңге бөлді»,-деді Қырымбек Көшербаев.


Материалды толықтай немесе бір бөлігін пайдаланған жағдайда бірінші абзацта ortcom.kz порталына гиперсілтемені міндетті түрде кою қажет.
 
 
 
 
2015 © ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ