Вы зашли с мобильного устройства. Перейти на мобильную версию сайта?
info@ortcom.kz
+7 (7172) 55-93-38
Тел./факс: +7 (7172) 55-93-36 Кеңсе
kense@ortcom.kz
Валюта бағамы:
RUB 5,56 EUR 342,43 USD 321,95
Мұнай:
Brent $55,59 WTI $52,93
Золото:
$1228,4
Ауа райы:
Астана .. Алматы .. Ақтау .. Ақтөбе .. Атырау .. Жезқазған .. Караганды .. Көкшетау .. Қостанай .. Қызылорда .. Павлодар .. Петропавл .. Семей .. Талдықорган .. Тараз .. Өскемен .. Орал .. Шымкент ..
 

Қызылорда облысының әкімі орталық коммуникациялар қызметінің «ШЫҢТӨБЕ» пікірталас клубында Қазақстанның басты экономикалық мәселесін атады

17 ақпан 2017
Фото: Арман Мухатов

«Негізгі ішкі мәселе – экономикадағы несие беру. Банктердің несие берудегі қол жетімсіздігі ішкі өнімнің өсуіне септігін тигізбейді. Экономиканың қаржыландырылуы немесе оның қаржымен толығуы дәл қазіргі уақытта жетіспей тұр», - деді әкім. Қырымбек Көшербаевтың сөзіне сүйенсек, экономиканы тиімді дамыту оның ішінде бұқаралық кәсіпкерлікпен айналысу үшін Ұлттық банк саясатын өзгерту қажет. Ол шектеулі қаржылай несие саясатынан бастап, инфляциямен күресте экономикалық өсу жолымен біртіндеп қаржылық жоғары деңгейге жеткізуді көздеу қажет. Сондай-ақ, аймақ басшысы экономикадағы долларға қарсы шараларды жалғастыра беру қажет деп санайды.

«Импортер-компаниялардың төлемақысынан бөлек өзге валюталық операцияларға салық төлемін енгізу қажет. Банк секторларына шетелдік валютада несие берген жағдайда салық төлемін енгізу және банктердің ашық валюталық ұстанымдарына қатаң лимит қойылуы керек. Сонымен қатар шетелдік валютадағы депозиттерді сақтандыру жүйесінен шығару ұсынылады», - деп түсініктеме берді Қ.Көшербаев.


Материалды толықтай немесе бір бөлігін пайдаланған жағдайда бірінші абзацта ortcom.kz порталына гиперсілтемені міндетті түрде кою қажет.
 
 
 
 
2015 © ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ