Брифинг

ҚР ІІМ су тасқыны кезеңінің өтуі туралы баяндады

17 сәуір 2017

11 сәуірден бастап, Қазақстанның орталық және солтүстік өңірлерінде су тасқыны белең ала бастады. Қатты жауын-шашын мен еріген қар суының салдарынан өзендер толып, арнасынан асты. Барлық өңірлерде су тасқыны кезеңіндегі өзара іс-қимылдар жоспарына жағдайға сәкес өзгертулер енгізілді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин мәлім етті.

Адам шығынына жол бермеу мақсатында су астында қалған аймақтардағы елді мекендерден алдын ала 4 715 адам эвакуацияланды. Оның ішінен 17 сәуірдегі жағдай бойынша, 860 адам үйлеріне оралды, 3167 адам туыстарының үйлеріне орналастырылды, қалған 688 адам эвакуациялау пунктінде қалды.

Елді мекендерден 5 598 бас ауыл шаруашылық жануарлары қауіпсіз жерге айдалды, соның ішінде 2 195-і аулаларына қайтарылды.

Спикердің айтуынша, қазіргі уақытта төтенше жағдайлар аймақтарында 1 987 құтқарушы, Ұлттық ұланның әскери қызметшілері, жергілікті атқарушы органдар мен жергілікті полиция қызметкерлері, 605 бірлік техника авариялық-құтқару және шұғыл жұмыстарды жүргізуде.

Төтенше жағдайлар комитетінде және оның 6 аумақтық бөлімшесінде су тасқынын жою жедел штабтары құрылды, олар тәулік бойы қызмет атқарады.

Су тасқыны кезеңінің басынан бері ІІМ бөлімшелері мен жергілікті атқарушы органдар 22 шақырым уақытша бөген тұрғызды, 119 мыңнан астам қапқа құм салынды және төселді, 643 мыңнан астам текше метр еріген қар суы сорылды.

ТЖ қаупі мен олардың туындауына жедел ден қою мақсатында ІІМ су тасқыны күрделене түскен жағдайға алдын ала 12 471 адам, 1 955 бірлік техника, 19 тікшақ, 302 бірлік жүзу құралы бар күштер мен құралдар топтары құрылды.

Сондай-ақ, халықты эвакуациялауға жергілікті органдардың күшімен 1707-ден астам қабылдау пункті дайындалды.

Бүгінгі таңда су тасқыны қаупі сейілмеген барлық өңірлерде өзен суының деңгейіне тәулік бойы мониторинг жүргізілуде.

Айта кетейік, халықты құлақтандыру жұмыстары әлеуметтік желі, теледидар, смс-тарату, аула-ауланы аралау арқылы ұйымдастырылған болатын.

Орталық және солтүстік өңірлерде су тасқыны кезеңінің қауіпсіз өтуін және олардан келетін теріс салдарды азайту мақсатында қырқынды жұмыстар жалғасуда.


+7 (7172) 559-338

Астана қ., Қонаев көшесі 4,
13 қабат