Вы зашли с мобильного устройства. Перейти на мобильную версию сайта?
info@ortcom.kz
+7 (7172) 55-93-38
Тел./факс: +7 (7172) 55-93-36 Кеңсе
kense@ortcom.kz
Валюта бағамы:
RUB 5,24 EUR 361,78 USD 340,24
Мұнай:
Brent $47,24 WTI $46,06
Золото:
$1189,7
Ауа райы:
Астана .. Алматы .. Ақтау .. Ақтөбе .. Атырау .. Жезқазған .. Караганды .. Көкшетау .. Қостанай .. Қызылорда .. Павлодар .. Петропавл .. Семей .. Талдықорган .. Тараз .. Өскемен .. Орал .. Шымкент ..
 

ҚР СІМ-інің 2017 жылға басымдықтары жайында Сыртқы істер министрі айтып берді

27 желтоқсан 2016
Фото: Арман Мухатов

Орталық коммуникациялар қызметінде Қазақстанның ағымдағы жылғы сыртқы саяси қазметінің қорытындылары мен 2017 жылға жаспарларына арналған баспасөз конференциясы өтті.

1. «5 институционалды реформаларды жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» экономикалық Ұлт Жоспарының тиімді алға басуы, «экономикалық дипломатияны» күшейту.

«Біз келешекте шетелдік инвестицияларды тарту және инвестициялық ахуалды жақсарту, шетелдік нарықтарда экпорттық өнімдерді жылжыту, Қазақстанның транзиттік- көліктік әлеуетін жүзеге асыру бойынша жинақталған жұмыстарды жүргіздік», - деді Ерлан Ыдырысов.

2. Экономиканы үдемелі инновациялық-технологиялықжетілдіру, оның бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату және әлемнің ең дамыған 30 елдің санатына кіру сияқты ішкі сұрақтарды шешу.

3. Елімізге шетелдік инвестицияларды тарту сұрақтары бойынша Қазақстанның жеке бизнес өкілдері және шетелдік мекемелер, министрліктер, ведомстволар, облыстық әкімшіліктер, ұлттық компаниялар арасындағы өзара әрекеті мен үйлестірілген жұмыстарды күшейту.

Министрдің сөздері бойынша, 2016 жылы шетелде сауда-экономика және инвестиция тақырыбында 300-ден аса іс-шаралар, шет елдердің іскер және экономикалық орта өкілдерінің Қазақстанға, сондай-ақ Қазақстанның экономика бойынша делегацияларының шет елдерге 600-ден астам сапары ұйымдастырылған және өткізілген.

4. Астана халықаралық қаржы орталығын (АХҚО) ілгерілету және дамыту. Бірлескен Жұмыс тобы құрылды, Жол картасы қабылданды, АХҚО-ның шетелдік мамандарына өте қажет визалық тәртіп құру және қызмет көрсету бойынша «бір терезе» сұрақтары өңделді.

5. Минск келісімдері негізінде Украинадағы жағдайды реттеуде күш салуды бүкіләлемдік қолдау.

6. Саяси жағдайлары едәуір күрделі аймақтар (Ауғанстан, Сирия, Иран) сұрақтарын шешу бойынша ұсыныстарды өңдеу.

7. Орталық Азияның бауырлас елдері – жақын көршілермен және ірі серіктестермен өзара ынтымақтастықты дамыту бағытын ұсыну.

«Орталық Азия мемлекеттері және сыртқы серіктестердің мүдделерін есепке ала отырып, аймақтық «бестіктің» ұстанымдарын жақындатудың өзара тиімді жолдарын іздестіруді ұсыну маңызды», - деді Е.Ыдырысов.

8. Жаппай елдегі маңызды оқиғалар– Халықаралық «Астана ЭКСПО-2017» көрмесін және Алматыдағы Қысқы Универсиаданы бүкіләлемдік қолдау.


Материалды толықтай немесе бір бөлігін пайдаланған жағдайда бірінші абзацта ortcom.kz порталына гиперсілтемені міндетті түрде кою қажет.
 
 
 
 
2015 © ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ