Брифинг

ҚР Ұлттық ұланына – 25 жыл!

9 қаңтар 2017

Орталық коммуникациялар қызметінде Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының Тәрбие және әлеуметтік-саяси жұмыстар жөніндегі орынбасары, генерал-майор Мұхаметқали Сәтовтың қатысуымен Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 25 жылдығына арналған баспасөз конференциясы болды. Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы 1992 жылдың 10 қаңтары күні құрылған.

«2002 жылдан бастап тәрбиеші офицерлерді даярлау ісі басталды. 2009 жылы Үкіметтің қаулысымен оқу орнына Әскери институт мәртебесі беріліп, сол жылдан бастап Тәжікстан мен Қырғыз Республикасының Ішкі әскерлері үшін мамандар даярлау жүргізілді. 2013 жылдың маусымында офицерлердің алғашқы халықаралық түлектері оқуды аяқтап шықты,- деп хабарлады Мұхаметқали Сәтов. – Өзі құрылған күннен бастап Әскери институт 2900 офицер кадрларды даярлады, олар қазірде Ұлттық ұланның, ҰҚК мен Қорғаныс министрлігінің Шекара әскерінің құрамында және Мемлекеттік күзет қызметінде қызмет етуде. 2003 жылдан бастап арнайы келісім-шарттар негізінде офицер кадрларын даярлау Ресей Федерациясының, ал 2013 жылдан бастап Беларусь Республикасы мен Түрік Республикасының ЖОО-да жүзеге асырылуда.

Айта кетейік, жедел-тактикалық деңгейдегі жоғары білікті кадрларды даярлауды ұйымдастыру мақсатында 2010 жылдың қараша айында Тұңғыш Президент атындағы Ұлттық қорғаныс университеті жанынан Ұлттық ұлан факультеті құрылды. Осы уақыттан бастап 50-ден астам әскери іс және қауіпсіздік магистрі даярланды, сонымен қатар 120-дан астам офицер біліктілікті арттыру курстарынан өтті. Өткен жылы осында тәрбиеші-офицерлер, тылдың, техника мен қарулы күштердің мамандары даярланатын кафедра ашылды.

+7 (7172) 559-338

Астана қ., Қонаев көшесі 4,
13 қабат