Брифинг

ҚР-да қаржылық есеп аудиті 2017 жылдан жүзеге асырыла бастайды

5 мамыр 2016

Қазақстанда қаржылық есеп аудиті 2017 жылдан бастап жүзеге асырыла бастайды. Бұл туралы ОКҚ-інің алаңында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Т. Яковлева айтты.

«Қазақстанда «Мемлекеттік статистика туралы» Заң жүзеге асырылып келе жатқан 3-4 ай ішінде бюджет қаражатын үнемдеу мен тиімді басқаруға байланысты оң нәтижелерге қол жеткізілді», - деді ол.

Депутаттың айтуынша, қол жеткізілген жетістіктермен шектеліп қалуға болмайды, себебі көзделген барлық жоспарларға қол жеткізілген жоқ. Жұмыстар бірнеше бағыттар бойынша жүзеге асырылады. Олардың ішінде мемлекеттік аудит және мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының бірыңғай ақпараттық жүйесін кіріктіру, аудиторларды оқыту және сертификаттау, сонымен қатар мемлекет қаражатын тиімді пайдалануға мемлекеттік аудитті енгізу бар.

Сонымен қатар, 2017 жылдан бастап қаржылық есеп аудиті жүзеге асырылатын болады.

«2018 жылдан бастап мемлекеттік аудитті енгізу тұжырымдамасына сәйкес барлық мемлекеттік аудит пен мемлекеттік қаржылық бақылау органдары мемлекеттік аудит стандарттарына сәйкес жұмыс жасауы тиіс», - деп атап өтті депутат.

+7 (7172) 559-338

Астана қ., Қонаев көшесі 4,
13 қабат