Брифинг

ҚЗ БҒМ: ИИДМБ білім беру мамандықтарының спектрі 26 дейін жетті

31 қазан 2016

29 қазанда ОКҚ алаңында Индустриалдық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы үшін базалық колледждер мен жоғары оқу орындарында білікті кадрлар даярлау мәселесі талқыланды.

Қазаргі күні Қазақстанда ИИДМБ 6 басым саласы үшін кадр даярланады: олар машина жасау, металлургия, химия өнеркәсібі, мұнай химиясы, құрылыс материалдарын өндіру, азық-түлік өнімдерін өндіру.

«Нұрлы жол – болашаққа жолЖолдамасы мен 2015 – 2019 жылдарға арналған ҚР ИИДМБ жүзеге асыру аясында Қазақстан экономикасының басым салалары үшін білікті кадрлар даярлайтын ЖОО анықталатын болады», - деді ҚР Білім және ғылым министрлігінің Жоғары және жоғарыдан кейінгібілім беру департаментінің директоры Дархан Ахмед-Зәки.

Сонымен қатар, спикер елде қалыптасып отырған экономикалық жағдайларға байланысты, ИИДМБ кәсіпорындары тарапынан өз міндеттемелерін орындамау қаупі бар екендігін де айтып өтті.

«Сондықтан да, үстіміздегі жылы кадр даярлауға мемлекеттік тапсырысты орналастыру барысында ИИДМБ мамандықтарының спектрі 15-тен 26 дейін артты. ИИДМБ тек 6 басым сала ғана емес, 14 кластері де есепке алынды. Бұл магистранттарды жұмысқа орналастыру мүмкіндігін кеңейте түседі деп ойлаймыз», - деп түсіндірді Дархан Ахмед-Зәки.

Бүгінде базалық ЖОО-да 4700 магистрантоқиды. Оның ішінде 2015 жылы 1900 адам, 2016 жылы – 2800 адам қабылданды. Екінші жыл оқып жатқан магистранттар қазіргі күні ИИДМБ-ның «Арселор Миттал Теміртау» АҚ, «Қазақстан Ғарыш Сапары» АҚ, «Самұрық-Энерго» АҚ, «KEGOC» АҚ, «НАК «Казатомөнеркәсіп» НАК» АҚ, «Қазэнергокабель» АҚ, «Қазмырыш» ЖШС, «Қазхром» ТҰК» АҚ, «Полиграфкомбинат» ЖШС, «Қазахмыс» корпорациясы» ЖШС, «ҚазАзот» ЖШС, «Байсерке Агро» ЖШС, «Амиран» ЖШС, «Қазфосфат» ЖШС сияқты кәсіпорындарында өндірістік практикадан өтуде. Практика процесінде магистранттарға магистрлық жобаларды орындау мүмкіндігі беріледі.

«2017 жылдың бірінші тоқсанында алғашқы 1900 магистрант ИИДМБ кәсіпорындарына жұмысқа аттанады. Оқуған түскен әр магистрантпен оларды кейіннен жұмысқа орналастыруды қарастыратын үшжақты келісім (оқытылушы - ЖОО - кәсіпорын) жасалған болатын», - деді Жоғары және жоғарыдан кейінгі департаментінің директоры.

Бұған қоса, білім беру бағдарламасын тиімді жүзеге асыру үшін базалық ЖОО-ы шетелдік ғалымдарды тартып, өздерінің оқытушылары мен қызметкерлерінің біліктілігін арттыруды ұйымдастырады. Осылайша, жоғары оқу орындары 78 шетелдік жоо-мен жасалған келісімдер негізінде 199 шетелдік ғалымды шақырды.

Сондай-ақ спикер магистранттардың 2015 жылы құрылған 22 зертхана базасында оқып және магистрлық жобаларды орындайтынын айтты. «2016 жылдың соңына дейін тағы да 24 зертхана ашылады», - деп түйіндеді сөзін ол.

+7 (7172) 559-338

Астана қ., Қонаев көшесі 4,
13 қабат