Вы зашли с мобильного устройства. Перейти на мобильную версию сайта?
info@ortcom.kz
+7 (7172) 55-93-38
Тел./факс: +7 (7172) 55-93-36 Кеңсе
kense@ortcom.kz
Валюта бағамы:
RUB 5,24 EUR 361,78 USD 340,24
Мұнай:
Brent $47,24 WTI $46,06
Золото:
$1189,7
Ауа райы:
Астана .. Алматы .. Ақтау .. Ақтөбе .. Атырау .. Жезқазған .. Караганды .. Көкшетау .. Қостанай .. Қызылорда .. Павлодар .. Петропавл .. Семей .. Талдықорган .. Тараз .. Өскемен .. Орал .. Шымкент ..
 

Р. Сәрсембева: 2016 жылы парламент мәжілісіндегі әйелдер үлесі 27,1 % құрады

5 желтоқсан 2016
Фото: Арман Мухатов

ОКҚ алаңында «2006-2016 жылдарға арналған ҚР Гендерлік теңдік стратегиясының» орындалуын бағалау» жобасының қорытындысына арналған баспасөз конференциясы өтті.

«Қазақстан 2016 жылы гендерлік теңдік индексіне сәйкес жыныстық теңқұқылық деңгейі бойынша әлемнің 144 елдерінің рейтингісінде 51-орын алды. 2009 жылы «Ерлер мен әйелдердің тең құқығы мен тең мүмкіндіктеріне мемлекеттік кепілдік туралы» және «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы» заңдар қабылданған», - деді ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшесі, Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығының Президенті Раушан Сәрсембаева.

Сонымен қатар, спикер қол жеткен жетістіктерге қарамастан, гендерлік теңдіктің маңызды аспектілері жүзеге асырылмай қалып жатқанын жеткізді.

«Әсіресе, еңбек және жұмыспен қамту саласында санада жаппай гендерлік таптаурын сақталған, тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесі бұрынғысынша өткір көтерілуде, - деп атап көрсетті Р.Сәрсембаева. – Жобаны жүзеге асырудың негізгі қорытындысында «қоғамдық және сараптамалық пікір соңғы 10 жылда әйелдердің қоғамдағы жағдайының жақсарғанын көрсетеді».

ҚІӘҚ жобасы аясында жас отбасылар, әйелдер мен жастар үшін отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу мен отбасылық-тұрмыстық қарым-қатынастар мәселелері бойынша онлайн және телефон арқылы кеңес беру ұйымдастырылды. Еліміздің барлық өңірлерінде зорлық-зомбылықтың психологиялық, экономикалық, эмоциялық, сексуалдық және күш белгілерін айырып тануға мүмкіндік беретін психолог мамандармен құрастырылған «Зорлық-зомбылықсыз отбасы» арнайы плакаттары мен анықтамалық бүктемелері таратылды.

«2 айдың ішінде әлеуметтік желілер мен сенім телефондары арқылы отбасы психологына 300 аса азамат хабарласқан, көбі Астана мен Алматы қалаларынан, сондай-ақ Оңтүстік Қазақстан облысынан. Жасырын атпен шалынған қоңыраулардың 5%-ы – отбасында күш қолдану арқылы зорлық-зомбылыққа, 35%-дан астамы – күйеуі тарапынан экономикалық озбырлыққа, 40%-ы – жолдасының эмоциялық жәбірлеуіне шағымданған», - деп мәлімдеді Раушан Сәрсембаева.

Жоба қорытындылары онлайн-кеңес беру бүгінгі күні сұранысқа ие және көмектің ұтымды түрі болып табылатынын көрсетті.

«2016 жылы Парламент Мәжілісінде әйелдер үлесі артып, 27,1%-ға жеткен, Парламенттің екі палатасында әйелдер үлесі 20,8% құрайды. 2016 жылы барлық деңгейдегі мәслихаттарға сайланған депутаттардың жалпы санынан ұсынылған әйелдер мөлшері 22,2% жеткен», - деп қорытындылады ол.

Өңірлерде әйелдер қатысуының үлесі 30% жеткен (31,6%) Қостанай облысы көш бастап келеді, ал Оңтүстік Қазақстан облысында ұсынылған әйелдер саны 10%-ға да жетпейді (5,1%).



Материалды толықтай немесе бір бөлігін пайдаланған жағдайда бірінші абзацта ortcom.kz порталына гиперсілтемені міндетті түрде кою қажет.
 
 
 
 
2015 © ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ