Вы зашли с мобильного устройства. Перейти на мобильную версию сайта?
info@ortcom.kz
+7 (7172) 55-93-38
Тел./факс: +7 (7172) 55-93-36 Кеңсе
kense@ortcom.kz
Валюта бағамы:
RUB 5,56 EUR 342,43 USD 321,95
Мұнай:
Brent $55,59 WTI $52,93
Золото:
$1228,4
Ауа райы:
Астана .. Алматы .. Ақтау .. Ақтөбе .. Атырау .. Жезқазған .. Караганды .. Көкшетау .. Қостанай .. Қызылорда .. Павлодар .. Петропавл .. Семей .. Талдықорган .. Тараз .. Өскемен .. Орал .. Шымкент ..
 

Ресейлік саясаттанушы Қазақстандағы биылғы сайлаудың ерекшеліктерін атады

20 наурыз 2016
 ria.ru

Бүгін, 20 наурызда Қазақстанда Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының сайлауы өтіп жатыр. Елімізде өткен сайлауларға бақылаушы ретінде бірнеше рет қатысқан ресейлік сарапшы, РФ Ұлттық стратегия институтының халықаралық жобалар жөніндегі директоры Юрий Солозобов биылғы электоралды науқанның жоғары деңгейін атап өтті.

«Бірінші кезекте ҚР Орталық сайлау комиссиясы сайлауға дайындықта зор жұмыстар атқарды. Сайлау учаскелері дауыс беру үшін қажеттінің барлығымен жабдықталған», - деп атап өтті ол.

Сонымен қатар, саясаттанушы биылғы сайлаудың бірқатар ерекшеліктерін атап өтті.

«Біріншіден, Орталық сайлау комиссиясында көптеген жаңа адамдар, жастар жүр. Адамдар сайлауға дайындық және оны өткізу жүйесіне тікелей атсалысуда. Бұл Қазақстанда азаматтық қоғамды дамыту үшін аса маңызды», - деп санайды Юрий Солозобов.

Атап өтерлік екінші жайт, үгіт-насихат науқаны барысында әлеуметтік желілер мен интернет-ресурстар белсенді түрде пайдаланылды, мұндайда жастар зор белсенділік танытты.

Тағы бір ерекшелігі, сайлаушылардың жоғары белсенділігі болды. Әрине, президенттік сайлаумен салыстырғанда ол төменірек, соған қарамастан, адамдар сол сайлаудағы тәрізді дауыс беру үшін күні бойы үздіксіз ағылып келуде.

Мұның барлығы қазақстандықтардың жоғары азаматтық жауапкершілігін көрсетеді, деп атап өтті сарапшы.


Материалды толықтай немесе бір бөлігін пайдаланған жағдайда бірінші абзацта ortcom.kz порталына гиперсілтемені міндетті түрде кою қажет.
 
 
 
 
2015 © ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ