Вы зашли с мобильного устройства. Перейти на мобильную версию сайта?
info@ortcom.kz
+7 (7172) 55-93-38
Тел./факс: +7 (7172) 55-93-36 Кеңсе
kense@ortcom.kz
Валюта бағамы:
RUB 5,24 EUR 361,78 USD 340,24
Мұнай:
Brent $47,24 WTI $46,06
Золото:
$1189,7
Ауа райы:
Астана .. Алматы .. Ақтау .. Ақтөбе .. Атырау .. Жезқазған .. Караганды .. Көкшетау .. Қостанай .. Қызылорда .. Павлодар .. Петропавл .. Семей .. Талдықорган .. Тараз .. Өскемен .. Орал .. Шымкент ..
 

С вирустық гепатитін жою бойынша бағдарлама жасалуда

13 желтоқсан 2016
Фото: Арман Мухатов

Қазақстан гепатологтары С вирустық гепатитін жою бойынша бағдарлама құруда. Бұл туралы ОКҚ баспасөз маслихатында ҚР ДСӘДМ бас гепатологы, профессор Күлпаш Қалиасқарова айтты.

«2016 жылы маусымда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 2030 жылы С гепатитінен толық арылу бағдарламасын қабылдады. Аталмыш ауқымды мақсатты орындау үшін ДДСҰ бірқатар ұсыныстар жасады: 2030 жылға қарай С гепатитін 90%-ға кеміту үшін, диагностикалық оқиғаларды 90%-ға жеткізу шарт. Денсаулық сақтау саласындағы соңғы жетістіктерді ескере отырып, Қазақстанда гепатит С ауруының алдын алу үшін мемлекеттік бағдарлама қабылдануы тиіс. Ұлттық бағдарлама біртіндеп құрылып, енгізіле бастайды да, 2030 жылға қарай аяқталады. Скриниг нәтижелері бойынша түрлі кезеңдегі бауыр аурулары білініп, анықталады»,- дейді К. Қалиасқарова.

Ол сондай-ақ бүгінгі таңда Қазақстанда вирусқа қарсы препараттар спектрі кеңейіп, жаңа амалдарды қажет ететін жаңа молекулалар пайда болғанын атап өтті. «Гепатологтар науқастарды бауыр трансплантологиясына дайындау жұмыстарына қатысады. Сондықтан хирургтармен бірге конгресс барысында осындай қиын науқастармен жұмыс істеудің заманауи ережелері талқыланады.Елдің барлық өңірлерінен бауыр ауруларын емдейтін докторлар келеді. Бізге мұндай кездесулер әріптестермен тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді. Жиында бауыр ауруынан айықтыру және операция жасаудың тың тәсілдері талқыға салынады. Ауқымды шараға отандық ғалымдармен қатар, шет елдің АҚШ, Ұлыбритания, Испания, Италия, Оңтүстік Корея, Түркия, Венгрия, Армения, Ресей секілді 15 елдердің білікті мамандары да келгелі жатыр. Олар әлемдік гепотологияда танымал мамандар болып табылады», - деп атап өтті профессор.


Материалды толықтай немесе бір бөлігін пайдаланған жағдайда бірінші абзацта ortcom.kz порталына гиперсілтемені міндетті түрде кою қажет.
 
 
 
 
2015 © ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ