Брифинг

Саяси үндеу түрінде рәсімделген еліміздің басымдықтары БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде жария етілді

11 қаңтар 2017

Қазақстан Кеңесте барлық мүше елдермен бірге аталған маңызды бағыт­тар бойынша ашық, әділ және саяси жағ­даятсыз, жауапты, байыпты, сындарлы түрде жұмыс істеуге дайын. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев хабарлады.

2017 жылғы 10 қаңтарда Қазақстан алғаш рет БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде оның «Шиеленістердің алдын алу және бейбітшілікті сақтау» тақырыбындағы ашық пікірталастарына қатысқан болатын. Нью-Йорк қаласында өткен шара аясында Қазақстанның Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қауіпсіз, әділ және гүлденген әлем құру үшін жаһандық әріптестікті нығайтуға қазақстандық тұжырымдамалық көзқарас» атты саяси жолдауын таныстырған еді.

+7 (7172) 559-338

Астана қ., Қонаев көшесі 4,
13 қабат