Брифинг

Сенатор Серік Бектұрғанов: Мемлекеттік басқарудың үйлесімді жүйесі орнатылған

11 наурыз 2017

Қазіргі таңда мемлекеттік басқарудың үйлесімді жүйесі орнатылған. Парламент Сенатының депутаты Серік Бектұрғанов әлеуметтік желілерде Парламенттің жоғары палатасын қысқарту туралы таралған мәліметке байланысты осылай жауап берді.

«Қазіргі кезде Парламенттің екі палатасы ең маңызды міндетті сапалы атқаруға, яғни заңдарды қабылдауға үлкен мүмкіндік беріп отыр. Егер сіз «Конституция туралы», «Парламент туралы» заңдарға шолу жасасаңыз, Сенат заң жобасын өз түзетулерімен Мәжіліске қайтаруға құқылы екенін көре аласыз. Меніңше, бұл мемлекеттік басқарудың заңды сапалы қабылдауға мүмкіндік беретін үйлесімді жүйесі болып табылады»,-деді Серік Бектұрғанов.

Оның айтуынша, Мәжіліс партияның тізімі бойынша қалыптасатынын ұмытпау қажет.

«Сенатта әр облыстың жағдайынан хабар беретін, сондай-ақ, Алматы және Астана қаласын ұсынатын аймақтың 36 өкілі отыр. Аймақ өкілдігінен кету мүмкін емес, сондықтан, осы деректі есепке алуды ұмытпауы тиіс»,-деп өз сөзін қорытындылады сенатор Серік Бектұрғанов.

+7 (7172) 559-338

Астана қ., Қонаев көшесі 4,
13 қабат