Вы зашли с мобильного устройства. Перейти на мобильную версию сайта?
info@ortcom.kz
+7 (7172) 55-93-38
Тел./факс: +7 (7172) 55-93-36 Кеңсе
kense@ortcom.kz
Валюта бағамы:
RUB 5,56 EUR 342,43 USD 321,95
Мұнай:
Brent $55,59 WTI $52,93
Золото:
$1228,4
Ауа райы:
Астана .. Алматы .. Ақтау .. Ақтөбе .. Атырау .. Жезқазған .. Караганды .. Көкшетау .. Қостанай .. Қызылорда .. Павлодар .. Петропавл .. Семей .. Талдықорган .. Тараз .. Өскемен .. Орал .. Шымкент ..
 

Солтүстік-Шығыс-Оңтүстік ЖЖ 500 кВ транзиті құрылысын 2018 жылы аяқтау жоспарланған

7 желтоқсан 2016
Фото: Арман Мухатов

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамыту мемлекеттік бағдарламасы аясында Қазақстанның энергетика саласының дамуы жөнінде ҚР Энергетика министрлігінің электр энергетикасы департаментінің директоры Бауыржан Сәрсенов, ҚР Энергетика министрлігінің электр энергетикасы департаменті директорының орынбасары Талғат Абылғазы, «KEGOC» АҚ ұлттық электр желілерін дамыту департаментінің директоры Нұржан Исенов айтып берді.

«Жаңа индустрияландыру: 2014 жылғы бірінші жартыжылдықтың қорытындылары» ИИҮД МБ жүзеге асыру бойынша жұмыстар туралы Үкімет есебі шеңберінде өткен республикалық телекөпір барысында Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың пәрмен беруімен «Солтүстік-Шығыс-Оңтүстік ЖЖ 500 кВ транзиті» құрылысы 2014 жылы басталған.

Жобаны жүзеге асыру екі кезеңге бөлінген. I кезең - Екібастұз – Шүлбі СЭС (Семей) - Өскемен жоғарывольтты электр жеткізетін желілері құрылысы, іске асыру мерзімі – 2017 жыл. Кезең құны ҚҚС есепке алғанда 53,3 млрд. теңгені құрайды. Қаржыландыру толығымен компания қаражаты есебінен орындалады. Құрылыс мерзімінде 747 жаңа жұмыс орны құрылған.

II кезең - 500 кВ Шүлбі СЭС (Семей) – Ақтоғай – Талдықорған – Алма желісінің құрылысы, жүзеге асыру мерзімі – 2018 жыл. Кезең құны ҚҚС есепке алғанда 105,5 млрд. теңгені құрайды. Құрылыс мерзімінде 1114 жаңа жұмыс орны құрылған, - деді Бауыржан Сәрсенов.

6 желтоқсанда өңірлермен болған республикалық телекөпір барысында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев «KEGOC» АҚ Басқармасының Төрағасы Бақытжан Кажиевке жаңа жоғарывольтты желілерді пайдалануға енгізуге пәрмен берді – құрылыстың 1-кезеңі мерзімінен бұрын аяқталды.

Ірі ауқымды инвестициялық жобаның бірінші кезеңі аясында «KEGOC» АҚ салған жаңа желілер «Солтүстік-Шығыс-Оңтүстік ЖЖ 500 кВ транзитінің құрылысы» (шығыс транзит) 500 кВ және 220 кВ электр жеткізетін 700 шақырым желілер, сондай-ақ 500 кВ «Семей», 500 кВ «Өскемен» және 1150 кВ «Екібастұз» қосалқы станциялары» Шығыс Қазақстанға электр энергиясын жеткізуді солтүстіктегі энергия көздерінен қамтамасыз етеді, - деп хабарлады Б.Сәрсенов.

Жобаның екінші кезеңін – 500 кВ Шүлбі СЭС (Семей) – Ақтоғай – Талдықорган – Алматы желісінің құрылысын жүзеге асыруды аяқтау 2018 жылға жоспарланған,- деп қорытындылады спикер.



Материалды толықтай немесе бір бөлігін пайдаланған жағдайда бірінші абзацта ortcom.kz порталына гиперсілтемені міндетті түрде кою қажет.
 
 
 
 
2015 © ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ