Брифинг

Су астында қалған аймақтардағы елді мекендерден 4 715 адам эвакуацияланды

17 сәуір 2017

Орталық коммуникациялар қызметінде су тасқыны кезеңінің өтуі туралы брифинг өткізілді.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин қатысты.

Министрдің орынбасары Қазақстанның орталық және солтүстік өңірлерінде су тасқыны 11 сәуірден бастап белең алатынын атап өтті.

«Бірқатар өңірлерде жауын-шашын болды, соның салдарынан өзендер толып, суы арнасынан асты, елді мекендерді су басу қаупі туды, Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында жолдарды су шайды. Адамдардың қаза болуына жол бермеу мақсатында су астында қалған аймақтардағы елді мекендерден алдын ала 4 715 адам эвакуацияланды, олар Ақмола (1340), Шығыс Қазақстан (52), Жамбыл (55), Қарағанды (1850), Қостанай (200), Ақтөбе (1174), Солтүстік Қазақстан облыстарында (44). Соның ішінде 17 сәуірдегі жағдай бойынша 860 адам үйлеріне оралды, 3167 адам туыстарының үйлеріне орналастырылды, қалған 688 адам эвакуациялау пунктінде қалды. Елді мекендерден 5 598 бас ауыл шаруашылық жануарлары қауіпсіз жерге айдалды, соның ішінде 2 195-і аулаларына қайтарылды.Қазіргі уақытта төтенше жағдайлар аймақтарында 1 987 құтқарушы, Ұлттық ұланның әскери қызметшілері, жергілікті атқарушы органдар мен жергілікті полиция қызметкерлері, 605 бірлік техника авариялық-құтқару және шұғыл жұмыстарды жүргізуде. Су тасқыны кезеңінің басынан бері ІІМ бөлімшелері мен жергілікті атқарушы органдар 22 шақырым уақытша бөген тұрғызды, 119 мыңнан астам қапқа құм салынды және төселді, 643 мыңнан астам текше метр еріген қар суы сорылды.ТЖ қаупі мен олардың туындауына жедел ден қою мақсатында ІІМ су тасқыны күрделене түскен жағдайға алдын ала 12 471 адам, 1 955 бірлік техника, 19 тікшақ, 302 бірлік жүзу құралы бар күштер мен құралдар топтары құрылды. Халықты эвакуациялауға 1707-ден астам халықты қабылдау пункті дайындалды. Барлық өңірлерде төтенше жағдайларды жою кезіндегі іс-қимылдар жоспарлары әзірленді, су тасқыны кезеңіндегі өзара іс-қимылдар жоспарлары түзетілді. Төтенше жағдайлар комитетінде және оның 6 аумақтық бөлімшесінде су тасқынын жою жедел штабтары құрылды, олар тәулік бойы қызмет атқарады» деді вице-министр.

Жүргізілген талдауға сәйкес, Ақмола, Қарағанды және Жамбыл облыстарындағы су қоймаларына тасқын және еріген қар суы толассыз ағып келуіне байланысты ағызатын судың мөлшерін сәл қосу қажет болуы салдарынан елді мекендер мен автожолдарды су басқан болатын. Аталған жағдайға байланысты ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің «Қазавиақұтқару» АҚ тікұшағын қолдана отырып, Астана қаласының, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарының аумағын әуеден барлау жұмыстары жүргізілген.

«Ақмола, Қостанай, Ақтөбе, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстарының ТЖ департаменттерінде «қауырт желі» телефондары жұмыс істейді, олар бойынша халық қажетті ақпаратты ала алады. Қалыптасқан жағдайды есепке ала отырып, Қарағанды облысының 2 ауданының (Бұқар Жырау және Абай аудандары) және 1 қала (Ақтөбе қаласы) әкімдері олардың аумақтарында табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар туындағаны туралы жариялады. Өзендердегі су деңгейіне тәулік бойы мониторинг жүргізілуде және халықпен жиындар өткізілуде, оларға қалыптасқан жағдай туралы ақпараттар берілді. Әлеуметтік желілер, теледидар арқылы халықты құлақтандыру ұйымдастырылды, смс-тарату, аула-ауланы аралау жұмыстары жүргізілді. Орталық және солтүстік өңірлерде су тасқыны кезеңінің қауіпсіз өтуін және олардан келетін теріс салдарды азайтуды қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда» деді ол.


+7 (7172) 559-338

Астана қ., Қонаев көшесі 4,
13 қабат