Вы зашли с мобильного устройства. Перейти на мобильную версию сайта?
info@ortcom.kz
+7 (7172) 55-93-38
Тел./факс: +7 (7172) 55-93-36 Кеңсе
kense@ortcom.kz
Валюта бағамы:
RUB 5,56 EUR 342,43 USD 321,95
Мұнай:
Brent $55,59 WTI $52,93
Золото:
$1228,4
Ауа райы:
Астана .. Алматы .. Ақтау .. Ақтөбе .. Атырау .. Жезқазған .. Караганды .. Көкшетау .. Қостанай .. Қызылорда .. Павлодар .. Петропавл .. Семей .. Талдықорган .. Тараз .. Өскемен .. Орал .. Шымкент ..
 

ТЖК Жамбыл облысында орын алған қар көшкініне орай мәлімдеме жасады

17 ақпан 2017
ТЖК Жамбыл облысында орын алған қар көшкініне орай мәлімдеме жасады

ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов орын алған қар көшкініне орай мәлімдеме жасады.

«17 ақпанда 13:15 Жамбыл облысының ТЖД Жуалы ауданында, Алатау ауылынан 35-40 км қашықтықта орналасқан Көксай шатқалында қар көшкінінің орын алғаны жайлы хабарлама келіп түсті. Қар үйіндісі астында әскери қызметшілер қалған»,-деді Р. Иманқұлов. Оның айтуынша, қар көшкіні орын алған жерге құтқару бөлімшелері жіберілді, қазіргі уақытта жолда, құрамында 75 адам бар және 7 техника бірлікпен қамтылған. «Сондай-ақ, 91678 әскери бөлімінің 60-қа жуық әскери қызметшілері мен жедел медициналық көмек бригадасы іздеу-құтқару жұмыстарын жүргізуде. Қазіргі таңда 16 адам құтқарылды (дәрігерлер қарауында) және 7 мүрде табылды»,-деді Руслан Иманқұлов.



Материалды толықтай немесе бір бөлігін пайдаланған жағдайда бірінші абзацта ortcom.kz порталына гиперсілтемені міндетті түрде кою қажет.
 
 
 
 
2015 © ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ